Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні
____________
Білім беру саласы
Таным
Бөлімі
Математика
Тақырыбы
Уақыт. Тәулік.
Мақсаты
- Балаларға уақыт өлшеуіштері туралы түсінік беру.
- Жыл, ай, апта, тәулік ұғымдарын және тәуліктің бөліктерін: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, түн атауларын таныстыру.
- Уақытты бағдарлай білуге үйрету.
- Ақыл-ойын және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Ұқыптылыққа және тазалыққа тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар
Жыл, ай, апта, тәулік; таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, түн.
Көрнекілік
- Жыл мезгілдерінің суреттері.
- Күн режимін көрсететін суреттер.
Әдісі
Көрнекілік
Түсіндіру
Сұрақ-жауап
Оқу іс-әрекеті барысында балалардың уақыт туралы түсінігін нақтылап, күн тәртібі мен тәуліктің бөліктерін өмірлік мысалдар арқылы байланыстыру ұсынылады.