Сан есімдерді түрлеріне қарай топтастыр

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / Сынып

Қазақ тілі, 7-сынып

Тақырып

Реттік сан есім. Қазақтың белгілі спортшылары

Сабақ түрі

Қайталау сабағы

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру, тарих

Мақсат пен міндеттер

Мақсаты

  • «Реттік сан есім» тақырыбы бойынша оқушының оқу жетістігін критерий арқылы бағалау.
  • Қазақтың белгілі спортшылары туралы мағлұмат беру.

Міндеттері

  • Теориялық білімді жүйелеу, дұрыс сөйлеу нормаларын меңгерту және жаттықтыру.
  • Грамматикалық ережелерді саналы әрі тиянақты меңгерту.
  • Сөздік қорды орынды қолдануға үйрету.
  • Сан есімнің түрлерін тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру.
  • Жазылым, оқылым, айтылым әрекеттері арқылы нәтижеге жеткізу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Критерий бойынша тапсырмалар Интербелсенді тақта Суреттер

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар сабақтың құрылымымен танысады және жұмыс ережелері еске түсіріледі.

2) Жаңа сабақты түсіндіру

Бүгінгі сабақта тапсырмалар орындалады және олар критерийлер арқылы бағаланады. Алдымен оқу жетістігін бағалау критерийлерімен танысамыз.

Критериалды бағалау

Оқу жетістігін бағалау критерийлері

Критерий Дағды Ең жоғары балл
A Түсіну 5
B Қолдану 5
C Талдау 5

Бағалау шкаласы

«5» 13–15 балл (86%–100%)
«4» 11–12 балл (70%–85%)
«3» 8–10 балл (50%–69%)
«2» 0–7 балл (49%-дан төмен)

Назар аударатын тұстар

  • Реттік сан есім «нешінші?» сұрағына жауап береді.
  • Тапсырмаларда сан есімдерді сөйлем ішінде орынды қолдану бағаланады.

Тапсырмалар топтамасы

Критерий A — Түсіну

1) Сан есімдерді пайдаланып сөйлем құраңыз және реттік сан есімге айналдырыңыз.

  • Қазақстанның жалауын 1984 жылы ________ Красноярск қаласында 33 жастағы ________ Жақсылық Үшкемпіров алып шықты.
  • Серік Қонақбаев 1959 жылы ________ 25 қазанда ________ Павлодар қаласында дүниеге келді.
  • 1986–1992 жылдары ________ Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы болды.
  • Ермахан Ибраимовтың орташа салмағы 71 кг ________.
  • 2000 жылы ________ Сиднейден алтын медальмен оралды.

Ескерту: көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, қажет жерінде реттік сан есім жасаңыз.

2) Берілген сандарды реттік сан есім ретінде сөзбен жазыңыз.

254 21 54 102 1005

3) Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Астана мен Алматы қаласында Олимпиада қай жылы өтті?
  2. Спорттың қай түрімен шұғылданасың?
  3. Қазақстан құрама командасы 2012 жылғы Олимпиадада неше медаль алды?

Критерий B — Қолдану

1) Сурет бойынша әңгіме құраңыз.

Осы спорт түрінен кім Олимпиада чемпионы болды? Дәлел ретінде дерек пен сан есімдерді қолданыңыз.

2) Көп нүктенің орнына сан есімдерді қойып жазыңыз.

  • Илья Илин ________ жылғы Олимпиадада чемпион болды.
  • Серік Сапиев бокс спортымен ________ жасынан айналысқан.
  • Жақсылық Үшкемпіров ________ жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы атанды.

3) Сан есімдерді түрлеріне қарай топтастырыңыз.

Топтастыру санаттары

  • Есептік сан есім
  • Реттік сан есім
  • Жинақтық сан есім
  • Топтық сан есім
  • Болжалдық сан есім
  • Бөлшектік сан есім

Берілген сөздер

Біреу, екінші, бес, бес-бестен, жетеу, жиырма төртінші, бестен, алтыдай, үштен екісі, алтыдан, он алтыдай.

Критерий C — Талдау

1) Берілген спорт түрлеріне сипаттама жазыңыз.

Ережесі, негізгі қимыл-қозғалысы, қауіпсіздік талаптары және қажетті жабдықтарды атап өтіңіз.

2) Сан есімге анықтама беріңіз және өзге сөз таптарымен салыстырыңыз.

Мысал келтіріп, сан есімнің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз.

3) Мәтінді түсініп оқып, сан есімдердің түрлерін анықтаңыз.

Ермахан Ибраимов 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол 1996, 2000 жылдары Қазақстан Олимпиада алауын алып жүрді. 1996 жылы Атлантадан қола медальмен, 1997 жылы Будапешттен күміс медальмен, 1999 жылы Хьюстоннан қола медальмен, 2000 жылы Сиднейден алтын медальмен марапатталды. 2002–2004 жылдары аралығында ұлттық құрама командасының бокс спорты бойынша бас бапкер болып жұмыс істеді.

  1. Мәтін мазмұны бойынша сурет салыңыз.
  2. Мәтін бойынша спорт түрінің ерекшеліктерін сипаттап беріңіз.
  3. Мәтіннен сан есімдерді тауып, морфологиялық талдау жасаңыз.

Негізгі бағалаудың қорытындысы

Оқушының тапсырмаларды орындау нәтижелері критерийлер бойынша жинақталып, жалпы балл мен баға бағалау шкаласына сәйкес шығарылады.

Қорытындыны рәсімдеу үшін: критерий A, B, C бойынша жиналған баллдарды қосып, нәтижені шкаламен салыстырыңыз.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}