Иондар мен электорндардың реттелген қозғалысы қандай ортадағы электр тогы газ
Сабақ тақырыбы: Тұрақты магнит
Бұл сабақ жоспары электр құбылыстары бойынша өткен білімді қайталап, жүйелеуге және оны күнделікті өмірмен байланыстыра қолдануға бағытталған. Сабақ барысында оқушылар ұқыптылық пен тиянақтылыққа дағдыланады.
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың электр құбылыстары жөніндегі білімін тексеру, жинақтау және пысықтау.
- Электр туралы білімді күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру.
- Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Компьютер
- Слайдтар
- Интерактивті тақта
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- Топқа бөлу: электр тізбектерінің түрлері бойынша топ құру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Жұмбақ
Пайдаланады жұрт оны отын және жарыққа,
Қызмет етеді әрқашан, түсіне білген халыққа.
Жауабы: Электр тогы
Демек, үй тапсырмасы: «Электр құбылыстары және әр түрлі ортадағы электр тогы». Ендеше әртүрлі ортадағы электр тогын қайталайық.
Әдіс: «Фишбоун» (Балық қаңқасы)
«Балық қаңқасы» әдісі арқылы әр түрлі ортадағы электр тогы тақырыбы жүйеленіп, негізгі ұғымдар мен дәлелдер топтастырылады.
Тест (Иә / Жоқ)
- Еркін электрондардың реттелген қозғалысы металдардағы электр тогы деп аталады. (Иә / Жоқ)
- Электролиттердегі электр тогы дегеніміз молекулалардың реттелген қозғалысы. (Иә / Жоқ)
- Газдардағы электр тогы дегеніміз электрондар мен иондардың реттелген қозғалысы. (Иә / Жоқ)
- Вакуумдегі электр тогы термоэлектрондық эмиссия құбылысына негізделмеген. (Иә / Жоқ)
- Шалаөткізгіштегі электр тогы — кемтіктер мен электрондардың қарама-қарсы бағытталған реттелген қозғалысы. (Иә / Жоқ)
3) Тарихқа шолу
Шарль Огюстен де Кулон (1785)
Зарядталған денелердің өзара әсерлесу заңын ашты. Оның құрметіне электр зарядының бірлігі аталған.
Георг Симон Ом (1827)
Тізбектегі ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашты.
Андре-Мари Ампер (1830)
Физикаға электр тогы ұғымын енгізіп, магнетизм табиғаты туралы болжам ұсынды. Оның атымен ток күшінің бірлігі аталады.
Майкл Фарадей (1833)
Электр өрісі ұғымын енгізді, электролиз заңдарын ашты.
4) Есеп шығару (топтық жұмыс)
Үш топ бір есепті үш түрлі тәсілмен орындайды: физикалық жолмен, блок-схема түрінде және Turbo Pascal тілінде.
Есеп
Оқушы электр шамының кедергісін анықтау үшін тізбек құрады. Тізбек кернеуі 220 В. Тізбек тұйықталғанда амперметр 0,5 А көрсетті. Шамның кедергісі неге тең?
Берілгені
U = 220 В
I = 0,5 А
Формула
R = U / I
Жауабы
R = 440 Ом
5) Сөзжұмбақ (қайталау)
Тапсырма арқылы негізгі ұғымдар бекітіледі. Тік тор көзде «Тұрақты магнит» сөзі шығады.
- Қуаттың өлшем бірлігі: ватт.
- Заряд орын ауыстырғанда пайда болатын шама: жұмыс.
- Ток күшінің өсуіне бөгет жасайтын шама: кедергі.
- Бөлшектің ішкі қасиетін сипаттайтын шама: заряд.
- Электр жұмысының зарядқа қатынасы: кернеу.
- Өткізгіш бойымен зарядтардың бағытталған қозғалысы: электр тогы.
- Тоқ көзін кедергісі аз өткізгішпен тұйықтау: қысқа тұйықталу.
- Кедергінің өлшем бірлігі: ом.
- Металдар мен диэлектриктерден өзгеше электрлік қасиеті бар зат: шалаөткізгіш.
- Иондар мен электрондардың реттелген қозғалысы болатын орта: газ.
- Өрістің энергетикалық сипаттамасы: кернеу.
- Электронынан айырылған атом: ион.
- Электролит арқылы ток өткенде электродта зат бөліну процесі: электролиз.
Жаңа сабақ: Тұрақты магниттер
1-қадам
Топ құрамын түрлі түсті стикерлер арқылы ауыстыру.
2-қадам
Әр топ §52 мәтінін оқып, бір-біріне сұрақтар дайындайды.
3–4-қадам
Мұғалім слайд арқылы толықтырып түсіндіреді және тәжірибе көрсетеді.
Бекіту: мәтіндік тест (бос орындарды толтыру)
- Магниттелуін ұзақ сақтайтын денелер ________________ деп аталады.
- Мұндай заттарға табиғи магниттік ________________ жатады.
- Ең көп магниттік тартылу күші ________________ деп аталатын магниттің ұштарында болады.
- Магниттік қасиеттері бойынша бір-бірінен өзгеше ________________ және ________________ полюстері болады.
- S — ________________, N — ________________ деп аталады.
- Тілшенің ортасынан өтетін және оның полюстерін қосатын түзу ________________ осі деп аталады.
- Тұрақты магниттің айналасында ________________ өрісі болады.
- Магнит өрісінің күш сызықтары тұйықталған.
- Магнит сызықтары магниттің ________________ полюсінен шығып, ________________ полюсіне енеді.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
§53 оқу. Тақырып бойынша постер әзірлеу.
Бағалау
Топтық жұмысқа қатысуы, тапсырмаларды орындау дәлдігі, жауаптардың негізділігі және тәртіп сақтауы бойынша бағаланады.