Батаны жаттап, етістіктердің бұйрық райда тұрғанын дәлелдеңіздер
Пәні
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім
Нарбекқызы А.
Сабақ тақырыбы
Бұйрық рай
Сілтеме
7-сынып оқулығы (Тұрсынова Г. Т., Қасымбек А. А.)
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже
Білімділік
Рай категориясы туралы түсінікті тереңдету; бұйрық райдың өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.
Дамытушылық
Оқушылардың тіл байлығын арттыру, сөздік қорын дамыту.
Оқыту нәтижесі
Грамматикалық категориялардың мәнін түсініп қолдануға және байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Негізгі идея
Етістіктің түрлерін дұрыс қолдану жолдарын үйрету.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
- Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
- Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
- Парақшалар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
- Өзін-өзі бағалау парағын таратып, критерийлермен таныстыру.
ІІ. «Есіңе түсір» (қайталау)
Жаңа сабаққа тікелей қатысты болғандықтан, етістікті «Жұлдызды сәт» ойыны арқылы қайталау.
Үй тапсырмасын сұрау (сұрақтар)
- Ашық рай дегеніміз не?
- «Киіз үй төрінде бір топ ауыл ақсақалдары қымыз ішіп отыр». Берілген сөйлемдегі етістік қай шақта баяндалған?
- Көсемше дегеніміз не?
- Қалып етістіктерін ата.
- Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақ туралы не білесің? Ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндір.
- Етістіктің шақтары туралы не білесің?
ІІІ. «Анықта» (жаңа сабаққа түсінік алу)
Жаңа материалмен танысуға 10 минут беріледі. Оқушылар оқулықтағы мәтінді «Түртіп алу» немесе INSERT әдісі арқылы оқиды: бұрыннан білетінін, жаңа ақпаратты, күмәнді тұстарды және тереңірек білгісі келетін жерлерін белгілейді.
Кейін топтар ойларын біріктіріп талдау жасап, бір-біріне сұрақ қояды, түсінбеген тұстарын түсіндіреді. Негізгі ойды қағазға түсіріп, сынып алдында таныстырады.
Таныстырылымға бағыттайтын сұрақтар
- Етістіктің рай категориясы дегеніміз не?
- Райдың неше түрі бар?
- Ашық рай дегеніміз не және қалай түрленеді?
Мәтіндік тірек (Абай)
Ғылым таппай мақтанба.
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап босқа күлуге...
Бұйрық рай: негізгі ұғымдар
Жасалу жолдары
-
1) Жіктік жалғаулары арқылы жасалады
І жақ
айтайын, айтайық
ІІ жақ
айт, айтыңдар, айтыңыз, айтыңыздар
ІІІ жақ
айтсын
-
2) Негізгі және туынды түбірмен, етіс және болымсыз тұлғалармен сәйкес келеді
Мысалдар: кел, ойла, барғызба, сөйлет.
-
3) Кейде -шы / -ші жұрнағы арқылы жұмсалады
- Мен алайын → алайыншы
- Сен ал → алшы
- Сіз алыңыз → алыңызшы
- Ол алсын → алсыншы
Топтық жұмыс: жіктеу және сөйлем құрау
Әр топ бір етістікті таңдап, бұйрық райда жіктейді және сол етістікпен сөйлем құрастырады.
184-жаттығу (ауызша)
Тапсырма сөздері: бітейін, өсейін, қонайын, жина, бу, бар.
Тәуелдік жалғаулы зат есімдер
Мысалдар: құлының, қозың, ұлың, қызың, өмірің, малшың.
«Малшың» сөзіне талдау
- Сөз табы: зат есім
- Жасалу жолы: туынды
- Құрамы: дара
- Мағынасы: жалпы, деректі
- Тұлғасы: тәуелдік форма (оңаша), ІІ жақ анайы
- Сұрағы: кімің?
- Сөйлемдегі қызметі: бастауыш
185-жаттығу
Мәтіннен бұйрық рай тұлғаларын тауып, дәлелдеңдер.
Сергіту және бекіту
Сергіту сәті
«Жүрек» қимыл-қозғалыс сергітуі (қысқа уақыттық жаттығу).
Мақалдың жалғасын тап (сәйкестендіру)
-
1)
Досыңа өтірік айтпа, дұшпаныңа сырыңды айтпа.
-
2)
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
-
3)
Бір түлікке бай болғанша, әр түлікке сай бол.
Қосымша мақал-мәтелдер (ойландыру)
- Қызым, саған айтам; келінім, сен тыңда.
- Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
- Таспен атқанды аспен ат.
- Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.
- Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
- Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма; жақсының атын естіп, үйіне барма.
Жаңа сабақты бекіту
«Қалпақ» әдісі
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын дәлелдейді (талқылау және рефлексия).
«Нысанаға дөп тигіз»
Тақырып бойынша қорытынды сұрақтар арқылы білімді нақтылау.