Күй аңызы

Батыс Қазақстан облысы • Казталов ауданы

Қараөзен мектеп-лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тасқалиева Альбина Ерболатқызы

Пән / Сынып

Қазақ әдебиеті • 8-сынып

Сабақ тақырыбы

Тахауи Ахтанов. «Күй аңызы»: шығарманың құрылымы және көркемдік ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау; шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын, құрылымдық және көркемдік ерекшеліктерін таныту; күй өнерінің құдіретін ұғындыру.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту; кейіпкерлерге жан-жақты талдау жасату; сын тұрғысынан баға беріп, өз ой-пікірін дәлелді жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Еркін сөйлеуге және ашық пікір айтуға баулу; өнер иелеріне саналы көзқарас қалыптастыру; ұлттық мұраны танып, құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың типі

Бекіту

Сабақтың түрі

Дәстүрлі

Әдіс-тәсілдер

  • Тест
  • Сұрақ-жауап
  • Топтық жұмыс
  • Талдау
  • Ой қозғау
  • Сергіту

Көрнекілігі

  • Слайд
  • Интербелсенді тақта
  • Қазақ халқының ұлттық аспаптары
  • Жауап парақшалары

Пәнаралық байланыс

  • Қазақ тілі
  • Биология
  • Музыка

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру

  2. II. Үй жұмысын сұрау

  3. III. Оқулықпен жұмыс

  4. IV. Топтық жұмыс

  5. V. Ой қозғау

  6. VI. Сабақты бекіту

  7. VII. Үй тапсырмасы

  8. VIII. Бағалау

  9. IX. Қорытындылау

Үй жұмысын тексеру

Үй тапсырмасы үш бағыт бойынша сұралады: жазушы шығармашылығы, «Күй аңызы» мазмұны және түйе малының биологиялық сипаты.

  • 1) Тахауи Ахтанов шығармашылығы

  • 2) «Күй аңызы» шығармасы

  • 3) Түйе малына биологиялық сипаттама

Тақырыптық тест

10 сұрақ • көп таңдаулы

Дұрыс жауаптар кілті

1–Ә, 2–Ә, 3–Б, 4–Ә, 5–А, 6–Ә, 7–Ә, 8–Б, 9–Ә, 10–А

1. Тахауи Ахтанов қай жылдары өмір сүрген?

  • А) 1911–1955 ж.
  • Ә) 1923–1994 ж.
  • Б) 1897–1961 ж.

2. Тахауи Ахтанов соғыста неше рет жараланған?

  • А) 3
  • Ә) 4
  • Б) 5

3. Алғашқы өлеңдері қай жинақта жарық көрді?

  • А) «Кең арна»
  • Ә) «Халық сапары»
  • Б) «Жастар даусы»

4. «Қаһарлы күндер» романы қашан жарық көрді?

  • А) 1946 ж.
  • Ә) 1956 ж.
  • Б) 1966 ж.

5. Абайтану мәселелері жайында жазған мақаласы:

  • А) «Кең арна»
  • Ә) «Қаһарлы күндер»
  • Б) «Азапты сапарда»

6. Жазушыға Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық қандай шығарма үшін берілді?

  • А) «Дала сыры» повесі үшін
  • Ә) «Күйшілігі» үшін
  • Б) Аудармалары үшін

7. Қаламгердің драмалық туындысын табыңыз.

  • А) «Кең арна»
  • Ә) «Күшік күйеу»
  • Б) «Күй аңызы»

8. «Күй аңызында» қай күйдің шығуы баяндалады?

  • А) «Наридірген»
  • Ә) «Бозінген»
  • Б) «Жұмыр қылыш»

9. «Күй аңызы» шығармасындағы қарт күйшіні көрсетіңіз.

  • А) Оразымбет
  • Ә) Естемес
  • Б) Есіркеп

10. «Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер…» сөзінің иесін табыңыз.

  • А) Ақсақал
  • Ә) Жаңыл
  • Б) Оразымбет

Оқулықпен жұмыс

Тақырып

Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі: шығарманың құрылымы мен көркемдік ерекшеліктері.

Композициялық талдау

Әңгіменің композициялық құрылымын оқиғалардың дамуы, кейіпкер әрекеті және көркемдік детальдар арқылы талдау.

Тақырыптық-идеялық өзек

Тақырыбы
«Наридірген» күйінің шығу тарихы.
Идеясы
Өнер адамдарын құрметтеуге, халқымыздың ұлттық бояуын айқындайтын күй өнерін қадірлеп, бойтұмардай сақтауға және оны келешек ұрпаққа насихаттауға үндейді.