Кірпінің тапсырмасы

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы

№31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Нурбекова Ботагөз

Сабақ тақырыбы

Ю дыбысы мен әрпі (слайд арқылы)

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, Өзін-өзі тану

Сабақтың мақсаты

  • Ю дыбысы мен әрпін таныту.
  • Ю дыбысының қосарланған дыбыс екенін ұғындыру (й + у = ю).
  • Әріптің жазылу емлесін меңгерту.
  • Сөздерді жүргізе және дұрыс оқуға үйрету.
  • Ойлау қабілетін, сөйлеу тілін және белсенділігін дамыту.

Күтілетін нәтижелер

Оқушы:

  • Ю дыбысы мен әрпін таниды.
  • Оның қосарланған дыбыс екенін біледі.
  • Әріптің жазылу емлесін меңгереді.
  • Сөздерді жүргізе және дұрыс оқуға машықтанады.
  • Ойлау қабілеті, сөйлеу тілі, белсенділігі артады.

Негізгі ресурстар:

  • Оқулық, электронды оқулық.
  • Слайдтар: суреттер, смайликтер.
  • Әріп үлгісі, жазу үлгісі.
  • Жазу дәптері №2, тапсырмалар парағы.

Сабақ кезеңдері (мұғалімнің іс-әрекеті)

I. Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

  1. 1 Оқушылармен амандасу.
  2. 2 Оқушыларды түгелдеу.
  3. 3 Оқу құралдарын дайындап, назарын сабаққа аударту.
  4. 4 Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: Бестік болсын бағамыз,
    Өнер-білім көп оқып,
    Білімнен бақыт табамыз,
    Өсе берсін санамыз.
  5. 5 Жемістер арқылы топқа бөлу: алғырлар, тапқырлар, талаптылар, білімділер, ақылдылар.

II. Өткенді пысықтау (Білу)

12 минут

Слайд: «Қоянның ормандағы саяхаты»

Қоянның өз үйіне оралуына көмектесу.

Кірпінің тапсырмасы: ой қозғау (сұрақ-жауап)

1-топ

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Әріп дегеніміз не?

2-топ

  • Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
  • Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы неде?

3-топ

  • Буын дегеніміз не?
  • «Ата», «қала» сөздерін буынға бөл.

4-топ

  • Я қандай дыбыс?
  • Оның басқа дыбыстардан қандай айырмашылығы бар?

5-топ

  • Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

Түлкінің тапсырмасы: көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой

1-топ

Ұ немесе Ү

2-топ

Ү немесе І

3-топ

П немесе Б

4-топ

Ы немесе І

5-топ

К немесе Г

Қасқырдың тапсырмасы: өткен сабақты бекіту (электронды оқулық)

  1. 1 «Я» дыбысы туралы не білдік?
  2. 2 Көп нүктенің орнына а немесе я әрпін қойып жаз: т...с, тақи..., шорт...н, са...бақ, ғ...сыр, бо...у, си..., ж...рыс
  3. 3 Суреттегі заттардың атын жаз: пияз, аяқ, ұя, Аяз ата, аялдама.
  4. 4 Суреттерге қарап, атауында я әрпі бар сөздерді ата.

III. Жаңа сабақ (Түсіну)

6 минут

Аққудың тапсырмасы: жұмбақ

Орманнан, жалпақ даладан
Кіп-кішкене арадан
Бал іздеп бір аң жортады,
Үп-үлкен боп қорқады.

Сұрақ: Аю туралы не білесіңдер?

Аюдың тапсырмасы: «Ю» дыбысы мен әрпін таныстыру

  1. 1 Ю әрпін көрсету: баспа және жазба түрі.
  2. 2 Ю дыбысын артикуляциясына сай дұрыс дыбыстату, айтқызу.
  3. 3 Ю дыбысының қосарланған дыбыс екенін түсіндіру: й + у = ю.
  4. 4 Ю дыбысы кездесетін сөздерді атау.
  5. 5 Қорытынды: Ю — дауысты дыбыс. Көбіне сөздің соңында кездеседі. Й мен у дыбыстарының қосарлануынан жасалады.

Оқулықпен жұмыс

Слайдтағы баған түрінде берілген сөздерді оқу, сурет арқылы мағынасын ашу, дыбыстық талдау жасау:

аю ою ию ұю үю

Сергіту сәті

Аспанды бұлт қаптады,
Жаңбыр жауды.
Жел тұрды.
Күн ашылды,
Шақпақ шақты,
Жердің шаңы басылды.

Талдау және қолдану

5 минут

Тиіннің тапсырмасы: жазу дәптерімен жұмыс

  1. 1 Юю әрпінің жазылу емлесін түсіндіру, тақтаға жазып көрсету.
  2. 2 Ю әрпін ауада жазу, бастыра жазу, өз бетінше жазу (2 қатар), сөздерді жазу: Юю, аю, ою.

Оқулықпен жұмыс: «Таңқурай мен Қорбаңбай» өлеңі

10 минут

  1. 1 Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
  2. 2 Сурет бойынша мазмұнын талдау.
  3. 3 Хормен жүргізе және мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
  4. 4 Өлеңді бір жолдан тізбектеп оқыту.

Қосымша

Бағандағы сөздерді екі сөзден бірнеше оқушы тізбектеп оқиды.

IV. Сабақты қорытындылау (Жинақтау)

6 минут

Көбелектің тапсырмасы: жекеше және көпше түрі

Аю — аюлар

Тиін — тиіндер

Түлкі — түлкілер

Аң — аңдар

Құстардың тапсырмасы: «Не артық?» ойыны

Оқушылар ұсынылған сөздер мен суреттер ішінен артық нысанды тауып, неге артық екенін дәлелдейді.

Жолбарыстың тапсырмасы

  1. 1 Қай сөздің құрамында ю дыбысы бар? күн, аю, гүл, тиін, ою, көбелек
  2. 2 Көп нүктенің орнына и, у, ю дыбыстарының тиістісін қойып, сөзді оқы: т...ін, с...ық, қо..., аза..., са...да, б...ік
  3. 3 Сұрақ-жауап: Ю әрпі туралы не білдік?

V. Бағалау

1 минут

  1. 1 Сабақ барысында оқушыларды формативті бағалау.
  2. 2 Оқушылардың көмегімен қоян аңдардың тапсырмаларын орындап, өз үйіне оралды.

VI. Рефлексия

1 минут

Бүгін не үйрендіңдер?

Ю дыбысы мен әрпінің ерекшелігін, қосарланған дыбыс екенін және жазылуын.

Қай тапсырма қиын болды?

Оқушы өзіне қиын болған кезеңді атап, қысқаша түсіндіреді.

Қай тапсырма оңай болды?

Оқушы ең жеңіл болған тапсырманы айтады.

Ескерту

Қажет болған жағдайда сабақ жоспарының толық нұсқасын жүктеуге болады.