Power Point бағдарламасында Visual Basic басқару элементтерін қолдану

Сабақтың тақырыбы

PowerPoint бағдарламасында Visual Basic басқару элементтерін қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Visual Basic элементтерін PowerPoint бағдарламасында қолдану жолдарын меңгерту және қарапайым есептерді шығару тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттыру, өзіндік ойлау қабілетін дамыту және өз бетінше іздену арқылы ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік

Компьютермен жұмыс барысында ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулу және қойылған мақсатқа жетуге талпындыру.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі мен типі

Сабақтың типі
Білімді жетілдіру және жүйелеу сабағы.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ.

Әдісі мен көрнекілігі

Сабақтың әдісі
Түсіндірмелі, репродуктивтік, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі
Карточкалар, слайдтар, ТСО (компьютер, мультимедиапроектор).

Сабақтың жоспары

  1. I Ұйымдастыру кезеңі
  2. II Үй тапсырмасын тексеру
  3. III Үй тапсырмасын қорытындылау
  4. IV Жаңа сабақты түсіндіру
  5. V Жаңа сабақты пысықтау
  6. VI Қорытындылау
  7. VII Үйге тапсырма беру
  8. VIII Бағалау

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аударамын. Кезекші арқылы оқушыларды түгендеп, барлығының назарын сабаққа шоғырландырамын.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын тексеру барысында сұрақ-жауап әдісін қолданамын.

а) Гиперсілтеме дегеніміз не?

Гиперсілтеме — шерту арқылы бір слайдтан басқа слайдқа, басқа презентацияға немесе Интернеттегі web-бетке өтуді қамтамасыз ететін байланыс. Ол веб-беттердегі сілтемелер сияқты презентация ішінде де қолданылады.

ә) Гиперсілтемені слайдқа орналастыру үшін не істейміз?

Гиперсілтеме қою үшін алдымен гиперсілтеме ретінде қолданылатын мәтінді немесе сөзді белгілейміз. Содан кейін тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, «Настройка действия» (Әрекетті баптау) тармағын таңдаймыз.