Менің анам Ақжамал алдыңызда
Тақырыбы: Ана — өмір себуші
Мақсаты
Аналармен жақынырақ танысу.
Аналарға тапсырма беру арқылы оқушыларға ұмыт болып бара жатқан қазақтың дәстүрлерін үйрету.
Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге баулу, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Көп балалы аналардың суреттерінен жасалған слайд
- Ана туралы қанатты сөздер
Қанатты сөздер
Ана — сарқылмайтын бұлақ, бала — бауырындағы құрақ.
Ана жүзі — күлімдеген күн көзі.
Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың.
Барысы
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгін сіздер 2 «А» сынып оқушыларының аналары қатысатын ашық тәрбие сағатын тамашалайсыздар.
Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар. Ана парызы алтынға бөлеуді де, ақ орда салуды да қаламайды. Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға бұдан артық сыйдың керегі жоқ.
Хор
«Құттықтаймын, мама, салтанатыңмен!»
Бағдарлама
- 1 Балалар өз ата-аналарын таныстырады.
- 2 Аналар өзін-өзі таныстырады.
- 3 Сұрақтарға жауап беру.
- 4 Қамыр жаю.
- 5 Өз өнерін көрсету.
- 6 Қазақтың ұлттық дәстүрлерінің бірін көрсету.
Ұйымдастыру сәті
Сайысымызды бастамас бұрын қазылар алқасын сайлап алайық.
«Әлпештеген баласын, ана — бақыт, ана — күн. Әркім сүйіп, өзінің мақтан етер анасын…» — демекші, енді балалар өз аналарын таныстырады.
Балалардың таныстыруы
Әсет
Өлең жолдары
Еркелетіп, әлпештеген біздерді,
Анаммен таныстырам сіздерді.
Екі бала өсірген Назым анам —
Ол үшін тең келмеген ешбір адам.
Алмат
Өлең жолдары
Анам менің — Гүлжахан, өзі ұстаз,
Біз үшін үлгі — әрбір ісі, әрбір сөзі.
Тілейміз оған бақыт, зор денсаулық,
Шәкірттерде болмасын керенаулық.
Салтанат
Өлең жолдары
Толған арман, мақсат тұр алдымызда,
Бақыттымыз — анамыз жүр жанымызда.
Үш баланы өсірген, мақтан еткен —
Менің анам Ақжамал алдарыңызда.