Қуыршақтар бізде қонақта

Технологиялық карта

Сенсорлық тәрбие

Тақырыбы: «Қуыршақтар бізде қонақта»

Тәрбиеші
Света Атауова
Білім беру саласы
Таным
Оқу іс-әрекеті
Сенсорлық тәрбие

Мақсаты

  • Қуыршақ киімдерінің түстері туралы түсінік беру, түстер жөніндегі білімді кеңейту.
  • Зейінділікті, қол моторикасын және қимыл үйлесімділігін дамыту.
  • Заттарды топтастыруға және салыстыруға үйрету.
  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс

қызыл сары көк жасыл

Көрнекіліктер

  • Қуыршақтар
  • Кубиктер
  • Қорапшалар
  • Гүлдер

Бұл сабақ сенсорлық тәжірибені ойын арқылы қалыптастыруға бағытталған: балалар түстерді ажыратып, заттарды салыстырып, сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды. Негізгі назар — жасыл түске аударылады.

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Сәлем деймін күнге мен!

Сәлем деймін саған мен!

Сәлем деймін апайға!

Қонақтарға баршаға!

Сәлем! Сәлем! Сәлем!

Ұйымдастырушылық-іздеушілік

Сұрақ-жауап

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Бүгін аптаның қай күні?

Жұмбақ

Қыста жердің бетін басады,
Жазда сай-салаға қашады.
Ол не?

Қуыршақтар қонақта

Балалар, қараңдаршы, бізге қуыршақтар қонаққа келіпті. Олар әдемі көйлектерін киіп келген.

Қуыршақтарға ат қойып алайық. Қуыршақтардың көйлектерінің түстері қандай?

Бізге Нұргүл есімді қуыршақ та қонаққа келді. Көйлегінің түсіне қараңдаршы — әдемі жасыл түс.

Бүгін жасыл түспен танысамыз. Шөптің және жапырақтың түстері де жасыл болады. Бірге қайталайық: жасыл.

Қонақ: аюдың тапсырмасы

Балалар, тыңдаңдаршы, есік қағылды. Кім екен?

Аюмен амандасайық.

Аю: Балалар, мен орманнан келдім. Сендер түстерді жақсы ажырата білесіңдер. Маған түстерді айыруға көмектесесіңдер ме? Жолда келе жатып кубиктер тауып алдым. Осы кубиктерді бірдей түстес қорапшаларға бөліп бересіңдер ме?

Тапсырма: кубиктерді түстеріне сәйкес қорапшаларға орналастыру, қорапшаларға жинақтау.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен,
Теріп, теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.

Рефлексивтік-түзетушілік

Қорытынды

Жақсы, енді орнымызға отырайық.

Аю: Сау болыңдар, балалар! Түстерді ажыратуға көмектескендеріңе рахмет!

Аюмен қоштасу.

Дидактикалық ойын: «Қуыршақтарға гүл сыйлау»

Мақсаты: ұқсас түстерді ажырата білуге үйрету.

Сары, қызыл, көк, жасыл түсті гүлдерді қонаққа келген қуыршақтардың көйлектерінің түсімен сәйкестендіріп, сыйға тарту.

  • Сары гүл
  • Қызыл гүл
  • Көк гүл
  • Жасыл гүл

Кері байланыс

Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Не үйрендіңдер?

Материал соңында: толық нұсқасын жүктеу.

Толық нұсқасын жүктеу