Рахатпен әлсіреп, Көзіне жас алып

Абай Құнанбаев

Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып,
Өзді - өзі керегі.

Екі асық құмарлы,
Бір жолдан қайта алмай.
Жолықса ол зарлы,
Сөз жөндеп айта алмай.

Аяңдап ақырын,
Жүрекпен алысып,
Сыбдырын, тықырын,
Көңілмен танысып.

Дем алыс ысынып,
Саусағы суынып.
Белгісіз қысылып,
Пішіні құбылып.

Иығы тиісіп,
Тұмандап көздері.
Үндемей сүйісіп,
Мас болып өздері.

Жанында жапырақ,
Үстінде жұлдыз да.
Елбіреп - қалтырап,
Жігіт пен ол қыз да.

Өзге ойдан тыйылып,
Бірімен бірі әуре.
Жүрекке құйылып
Жан рахат бір сәуле.

Жүрегі елжіреп,
Буындар босанып.
Рахатпен әлсіреп,
Көзіне жас алып.

Жүйрік тіл, терең ой,
Сол күнде қайда едің?
Ғашыққа мойын қой,
Жеңілдің, жеңілдің!..



Ұқсас жұмыстар

АБАЙДЫҢ МАХАББАТ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Абайдың махаббат консепциясы
Абай - лирик ақын
Қазақ әдебиетiндегi ұлттық дәстүр және М. Әуезовтiң жаңашылдығы
Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің басыңқы сыңары: грамматикалық құрылымы және танымдық мәні
Түрікмен әдебиеті
Топ және ұжым психологиясы
Денені не үшін шынықтыру керек
Ауыл балаларының уақытты тиімді пайдалануы
Аңыз әңгімелер жайлы
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
ӨМІРҰЛЫ ЖАСЫБАЙ
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Брокерлік фирманың қор операциялары жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыру
Елімізде патриоттық тәрбиені қалыптастыру міндеттері.
Валюталық жүйе және валюта бағамының қалыптасуы
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда педагогика
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуы