Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал
Барысы
Тәрбие сағаты Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алуға арналған 1 минуттық үнсіздікпен басталады. Одан кейін соғыстың басталуын бейнелейтін бейнекөрініс көрсетіледі.
Көрініс: 21 маусым 1941 жыл
Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет радиодан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!» деген дауыс естіледі. 1941 жылы 22 маусым күні фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кіргені хабарланады.
1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді… естідіңдер ме? Сұмдық-ай… Енді қайттік? Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
1 азамат: «Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер. Ер басына күн туса, етігімен су кешер. Жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар!»
Бәрі: «Отан үшін аттанайық!»
Үндеу:
«Уа, халқым! Күн туды сенің басыңа, жау кірді сенің жеріңе. Сұм фашистен қорғауға — аттан, халқым, майданға! Алар жау сыбағасын оңбай бізден. Шығамыз соңғы күшпен, соңғы айбынмен. Қорғаймыз байтақ елді, өйткені оны әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.»
Жеңіс туралы сөз
1 жүргізуші
Елбасымыздың «Нұрлы жол — болашаққа бастау жол» атты жолдауында 2015 жыл ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы ретінде атап өтілді. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы ерекше аталып өтті.
Ұлы Жеңіске 70 жыл толуы — тарихты жаңғыртып, ерлікке тағзым етудің айқын көрінісі.
2 жүргізуші
Төрт жылға созылған қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандыққа қол жеткізді. Халық «Отан» ұғымын терең сезінді. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты.
«Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды» — бұл сөздер Жеңіс күнін мерекелеуде жиі айтылады және майданда қаза тапқандарға арналған ескерткіштерге қашалып жазылған.
Ерлік өнегесі
Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға «гвардиялық» деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше орден тағылды. Жауынгерлердің ерлігі аңызға айналды. Солардың бірі — атақты Панфиловшылар дивизиясы.
Оның құрамынан шыққан, кейін батальон, дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдулин есімдері соғыс тарихында мәңгілік орын алды.
Көрініс: «Отан үшін отқа түс»
Шағын бөлмеде қабырғадағы картаға үңіле қарап тұрған генерал. Осы кезде Бауыржан кіреді.
Генерал: «Қап! Мына фашистің тікендей қадалып тұрғанын қарашы!»
Бауыржан: «Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын, жолдас генерал!»
Генерал: «Ах, соғыс… Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының бәріне шыдау керек.»
Бауыржан: «Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жауды жеңеміз!»
Генерал: «Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.»
Бауыржан: «Құп болады, жолдас генерал!»
Бейнеүзінді: Б. Момышұлы туралы деректі кадрлар.
Әлия мен Мәншүк — ерліктің символы
Өлең (Жандос)
Әлия, Мәншүк — қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы —
Қазақстан аспанында азат күн.
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр —
Мәңгілік от ескерткіші алауы.
Көктем келіп гүлдегенде бар аспан,
Кең жазира нұрға тұнар ғаламат.
Әлия, Мәншүк — бүлдіршіндер есімі,
Балабақша, мектептерде жаңғырады.
Әлия, Мәншүк өлмегені сол болар,
Қос қарлығаш — ардақталар, қорғалар.
Ұмытпаса қазақ өткен тарихын,
Болашаққа даңғыл сара жол болар.
Бейнеүзінді: Әлия мен Мәншүк туралы көрініс/бейнематериал.
Ән: «Ана туралы баллада»
Ана үні — үміт пен сағыныш
Елеңдеумен, «келер» деумен күндіз-түні… Қайран шеше уақыттың өткенін аңғармай, жылдар бойы үмітін үзбей, боздағын күтіп өмір сүрді.
Келесі бөлім: Мәншүктің анасына жазған хаты (үзінді).
Түйін
Бұл тәрбие сағаты — Ұлы Отан соғысының ауыр сабақтарын ұғындырып, Жеңістің қадірін сезіндіретін, ардагерлер ерлігін құрметтеуге үндейтін тағылымды кездесу. Ерлік — ұрпақ санасында сақталатын мәңгілік құндылық.