Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негізі болып қаланатынына көз жеткізу
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Бұл күн — осы залда отырған бәріміз үшін ерекше. Төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі қаланатын бастауышта оқып, талай ізденіп, қанаттарын қатайтып, енді бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Мақсаты
- 1 Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің берік негіз болып қаланатынын ұғындыру.
- 2 Бастауыш сыныппен және қолына алғаш қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштастыра отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру; әр баланың ерекшелігін танытып, сәт-сапар тілеу.
- 3 Білім ордасы — мектепті, ұстаздарды құрметтеуге тәрбиелеу, білімге деген құштарлықты арттыру; Отанын сүйетін адал ұл-қыз болып өсуге баулу.
Көрнекілігі
«Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы
Естелік сәттер мен жетістіктер жинағы.
Слайдтар
Ең үздік оқушылар, марапаттар, фотолар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн — біз үшін айрықша күн.
Міржақып ақынның:
«Бұл оқу тамақ болар қарның ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең, білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда»
— деген сөзі білімнің құнын тереңнен танытады.
Тарыдай болып кіріп, ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өтетін «Бастауышым — балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Сахналық сәт
«Бесіктегі баланың күлгенін көрген — бір мұрат,
Алдына түсіп ананың жүргенін көрген — бір мұрат», — дегендей:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған шығар қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 «А» сыныбын ортамызға!
Режиссерлік белгі
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Экрандағы жазу
«Ең, ең, ең...»: ең үздік оқушылардың фотолары мен грамоталары.
4 «А» сыныбының ең үздік оқушылары
Динара
Ойы ұшқыр. Математиканы сүйеді.
Қиын есеп болса да, лезде шешіп береді.
Қуат
Ер жүрек, жүйрік. Компьютер тілін біледі,
жан-жақты қабілетімен танылған.
Айым
Мәнерлеп оқу шебері. Ақылына көркі сай.
Бірінші топ басшысы — Айым.
Еркежан
Шежірелі тарихтың сырларына үңіліп,
оқудан бір сәт те бас алмайтын ақылды қыз.
Динараның сөзі
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!