Көмектес септіктің сұрақтары
Сабақтың тақырыбы
Көмектес септік (4-сынып)
Білімділік
Бір тәулікте неше сағат болатынын түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру; тапсырмалар арқылы ой-өрісін, қиялын, зейінін дамыту; анық айтуға және математикалық тілде сөйлеуге үйрету; пәнге қызығушылығын күшейту.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Шағын шумақ
Ал, қанеки, балалар, бері қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға, сабаққа назар салайық.
Дұрыс жауап шешімін мұқият табайық.
Жолбарыстың тапсырмасы: «Орманға саяхат»
Жолбарыс — жыртқыш аң. Ол өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен және айлалығымен дараланатын жануар.
Әр елдің өз символы іспеттес жануар түрі болады. Қазақстан үшін мұндай жануардың бірі — барыс екені белгілі.
II. Үй жұмысын тексеру
- 1) 4-тапсырма: «Жеті ұл» — жаттау.
- 2) «Сағат» және «мектеп» сөздерін талдау.
Қызықты мәтін: Ұлулар туралы
Ұлу тектес жануарлардың түрі өте көп. Пішіні таңғажайып, түсі алуан түрлі ала-шұбар болып келеді. Олардың ішінде жолақты ұлу, ақ нефрит ұлу, жарқырауық ұлу, меруерт ұлу, пәктік ұлуы, тағаша ұлу, мүйізді ұлулар сияқты түрлер бар. Кейбірі ешқандай мүсіндеусіз-ақ адам қызығатын табиғи қолөнер бұйымындай әсер қалдырады.
Күндіз ұлулар тасалау жерлерге тығылып, өсімдіктермен қоректенеді.
Ұлудың тапсырмасы: Өткен сабақтарды қайталау
| Атау | Ілік | Барыс | Табыс | Жатыс | Шығыс | Көмектес |
|---|---|---|---|---|---|---|
| Барыс | — | — | — | — | — | — |
Кестені өткен тақырып бойынша толықтырыңыз (әр септікке сәйкес сұрақтары мен жалғауларын еске түсіріңіз).
III. Жаңа сабақ
Лексикалық тақырып: Тәулік
Тәулік — бір күн мен бір түннің қосындысы. Бір тәулікте 24 сағат бар.
Бір тәулікте біз өз күн тәртібімізді жоспарлаймыз: оқу, демалу, ойын, ұйқы және басқа да істер.
Есте сақта
1 тәулік = 24 сағат
Грамматикалық тақырып: Көмектес септік
Сұрақтары
- Кіммен?
- Немен?
Жалғаулары
-мен -бен -пен
Мысалдар
Кіммен?
әкеммен, досыммен
Немен?
кітаппен, ұшақпен
Маймылдың тапсырмасы: Қысқа мәтінмен жұмыс
Маймыл — орман жануары. Ол талда мекен етеді. Маймылдардың бірнеше түрі бар: горилла, шимпанзе және т.б. Маймылдарды цирк өнерінен де кездестіруге болады.
- Мәтіннен көмектес септіктің сұрақтарына жауап беретін сөз тіркестерін құрастырыңыз.
- -мен/-бен/-пен жалғауларын қолданып, 2–3 сөйлем жазыңыз.