Зат есімдердің жекеше, көпше түрін белгіле
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Зат есімнің жекеше және көпше тұлғада қолданылатынын түсіндіру.
Дағдылық
Жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түрге айналдыра білуге үйрету.
Қолданым
Алған білімді тапсырмалар орындауда жүйелі қолдануға бағыттау.
Тәрбиелік және коммуникативтік
Пікір алмасуға қатысуға үйрету, өз күшіне деген сенімділікті арттыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді:
- 1-топ: Зат есімдер
- 2-топ: Жалқы есімдер
- 3-топ: Жалпы есімдер
II. Үй тапсырмасын тексеру
Жаттығу жұмысы тексеріледі.
III. Өткенді пысықтау
«Күннің көзін бұлттан арылту» ойыны арқылы өткен тақырып қайталанады.
Мұғалімнің сөзі
«Балалар, сендерді өзіме нұр шашатын шуақты күнге теңеп едім. Бірақ күніміздің бетін бұлт басып қалыпты. Бұлтты арылтуға көмектесесіңдер ме?»
Оқушылар: «Иә!»
Қайталау сұрақтары
- Зат есім дегеніміз не?
- Кім? Не? сұрақтары қашан қойылады?
- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жалпы есім дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
- Зат есімге мысал келтір.
IV. Жаңа материалды меңгерту
1-тапсырма. Суретке қарап, әр суреттегі заттардың санын анықтаймыз және сұрақ қоямыз.
Мысал 1
Қоян — қояндар
Не? — нелер?
Мысал 2
Дәрігер — дәрігерлер
Кім? — кімдер?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: зат есімнің жекеше және көпше түрі. Зат есім жекеше де, көпше де түрде айтылады.
Жекеше
Кім? Не? сұрақтарына жауап береді: биші, аға, тау, өзен.
Көпше
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап береді: бишілер, ағалар, таулар, өзендер.
Көптік жалғаулары
2-тапсырма. Берілген зат есімдердің жекеше және көпше түрін анықтап, белгіле.
V. Сабақты бекіту
Сәйкестендіру тесті. Сөздерге тиісті көптік жалғауын сәйкестендір.
| Сөз | Жалғау |
|---|---|
| 1. Суретші | … дар |
| 2. Ақын | … лар |
| 3. Жеңімпаз | … дер |
| 4. Сыйлық | … тер |
| 5. Бала | … лер |
| 6. Құс | … тар |
| 7. Ата | … лар |
3-тапсырма. Сөздерге көптік жалғауын жалғап жаз.
1-топ
- ұшқыш
- құс
- терезе
2-топ
- шырша
- сатушы
- бала
3-топ
- дәрі
- тиін
- маса
Сергіту сәті
«Қызыл өрік» әніне арналған бейнеролик көрсетіліп, оқушылармен бірге қимыл-қозғалыс орындалады.
VI. Сабақты қорытындылау
Семантикалық карта әр топқа таратылып, жекеше/көпше түрін белгілеу арқылы қорытынды жасалады.
| Аты | Жекеше | Көпше |
|---|---|---|
| Дәптер | + | |
| Балықтар | + |
VII. Үй тапсырмасы
4-жаттығу, 52-бет.
VIII. Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларға қатысу белсенділігі мен жауаптарының толықтығына қарай бағаланады.
Ескерту
Материалдың толық нұсқасын жүктеу қажеттілігі болса, оны мектептің ортақ ресурстары немесе автор ұсынған платформа арқылы орналастыру ұсынылады.