Жалғасын тап ойыны

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

WordPad мәтіндік редакторы

Сабақтың түрі

Қайталау және аралас сабақ

Әдіс-тәсіл

Ойын түрінде ұйымдастыру

Құрал-жабдықтар

Компьютерлер, интерактивті тақта

Сабақты бастау

Сабақ басталмас бұрын қауіпсіздік ережелері еске түсіріледі.

Қауіпсіздік — бірінші орында

Сабақтың барысы (ойын кезеңдері)

  1. 1) «Жорға» ойыны

    Үй тапсырмасы өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап арқылы тексеріледі.

    • 1.Информатика пәні нені оқытады?
    • 2.Ақпарат дегеніміз не? Оны қайдан аламыз?
    • 3.ОЖ (операциялық жүйе) дегеніміз не?
    • 4.Файл дегеніміз не? Оны қалай жасаймыз?
    • 5.Қапшық пен файлды жою және қалпына келтіру қалай орындалады?
    • 6.Жойылған файл қайда сақталады?
    • 7.Терезе дегеніміз не? Оған сипаттама бер.
    • 8.Paint графиктік редакторы қандай бағдарламалар қатарына жатады? Терезесіне сипаттама бер.
    • 9.Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
    • 10.Экрандағы суретті тазалау командасы қандай?
    • 11.Суретті бұру және еңкейту тәсілі қандай?
    • 12.Фондық және негізгі түсті қалай таңдаймыз?
    • 13.Әрекеттен қайту командасы қандай?
    • 14.Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
    • 15.Сурет үзіндісімен қандай әрекеттер жасауға болады?
  2. 2) «Білгенге маржан»

    Бұл бөлімде WordPad мәтіндік редакторы таныстырылып, жаңа сабақ түсіндіріледі. WordPad қарапайым құжаттар құруға мүмкіндік береді: мәтін мен абзацты пішімдеу, шекараларды (поля) өзгерту, шегініс орнату, әртүрлі қаріптерді қолдану. Сонымен қатар мәтінге графикалық кескіндер мен дыбыс үзінділерін кірістіруге болады. Бағдарлама стандартты бағдарламалар қатарына жатады.

    Негізгі мүмкіндіктер

    • Мәтін және абзац пішімдеу
    • Шегініс пен шекараларды баптау
    • Қаріптерді өзгерту
    • Кескіндер мен дыбыс енгізу

    Іске қосу жолы

    Пуск → Все программы → Стандартные → WordPad

  3. 3) «Кім жылдам?» ойыны (бекіту кезеңі)

    Тақтада тест тапсырмалары беріледі. Оқушылар мәтін теруге қажет пернелердің дұрыс атауын табады.

    Тапсырма
    Жауап
    Жаңа жолға өту пернесі
    Enter
    Бас әріп / кіші әріп режимін ауыстыру
    Caps Lock
    Бас әріппен жазу үшін (уақытша)
    Shift
    Мәтіндегі символды бас жағынан өшіру
    Delete
    Мәтіндегі символды соң жағынан өшіру
    Backspace (BS)
  4. 4) «Жалғасын тап!» ойыны

    Тақтада аяқталмаған мақал-мәтелдер беріледі. Оқушы жалғасын тауып, компьютерге теріп жазады.

    1. 1. Білекті бірді жығар — …
    2. 2. … ана көрген … пішер.
    3. 3. Білгенге маржан, … арзан.
    4. 4. Ауырып ем іздегенше, …
    5. 5. Нан — … атасы.
  5. 5) «Ұйқасын тап» ойыны

    Оқушылар қалауы бойынша бір шумақ өлең құрастырып жазады немесе жатқа білетін өлеңдерін компьютерге теріп жазады.

  6. 6) «Ұшқыр ойлы оқушы» ойыны

    Тақтада берілген суретке сүйене отырып, қазіргі проблемалық жағдайларды қоса, шағын әңгіме құрап жазу.

  7. 7) Үй тапсырмасы

    Жазба жұмысы

    «Аналар мерекесіне — Анамызға мың алғыс!» тақырыбында шығарма, өлең немесе эссе жазу (5.1-тақырып).

    Қосымша тапсырмалар

    • Сөзжұмбақ шешу
    • Ребус шешу
  8. 8) Бағалау

    Мұғалім оқушыларды смайликтер арқылы бағалайды. Оқушылар да сабаққа кері байланыс беріп, смайликтер арқылы өз бағасын білдіреді.