Венн диаграммасы. Сабақтың түрі

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

Сымбат жеке мектебі • Мұғалім: Курмалова Асель Агисовна

Сабақ тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин — «Баланың айласы»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақтың көрнекті ақын-жазушысы Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын тереңірек таныту; әңгіменің тақырыбын және автордың идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу; шығармадағы негізгі ойды табуға үйрету.

Дамытушылық

Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге, шығармашылық тапсырмаларда шапшаңдық танытуға, қорытынды жасай білуге дағдыландыру; танымдық белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік

Әңгіме мазмұны арқылы жамандықтан аулақ болып, жақсылыққа жақын болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ жоспары

  1. 1. Психологиялық дайындық

    Оқушылардың назарын сабаққа аудару, ынталандыру.

  2. 2. Үй тапсырмасын тексеру

    Сурет және мақал-мәтелдер бойынша жұмыс.

  3. 3. Жаңа сабақ

    Топтық талдау арқылы меңгеру.

  4. 4. Ой қозғау

    Мәтінмен жұмыс, сөздік, INSERT, оқулық және дәптермен жұмыс.

  5. 5. Ой толғаныс

    Венн диаграммасы, бес жолды өлең.

  6. 6–8. Қорытынды бөлім

    Қорытындылау, үй тапсырмасы, бағалау.

Сабақтың барысы

1) Психологиялық дайындық

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 6 жолды тақпақ айтқызу:

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай сұрақ болса да,

Таппай оны қоймайық.

Алға қарай самғайық,

Екілікті алмайық.

2) Үй тапсырмасын сұрау

  • Үй тапсырмасы: әңгімеге байланысты сурет салу және мақал-мәтелдер жинастыру.
  • Сұрақтар: Б. Соқпақбаев кім? Қандай әңгімесін оқыдық?
  • Қарт Мәуленге кім риза болды, не үшін алғыс айтты?

Жаңа сабаққа кіріспе

3) Ой ашар

Жаңа сабақ топтық талдау арқылы меңгеріледі.

4) Топтастыру стратегиясы

Талқылау сұрақтары

  • Ы. Алтынсарин кім? Қай жерде, қай жылы дүниеге келген?
  • Қандай шығармалары мен өлеңдерін білесіңдер?
  • Қандай оқулық жазды?

Нақты деректер (қысқаша)

1841–1889 Ұстаз Ақын Жазушы Қостанай өңірі «Қазақ хрестоматиясы» «Кел, балалар, оқылық!» «Өнер, білім бар жұрттар»

Оқулықтың 161-бетін ашып, Ы. Алтынсариннің «Баланың айласы» әңгімесін оқимыз.

Ой қозғау және мәтінмен жұмыс

Айла ұғымын ашу

Мәтінді оқымас бұрын оқушылардың «айла» туралы түсінігін анықтау:

Сұрақ: «Айла» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

А) Мәтінмен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп оқу. Мазмұнын плакаттағы сюжеттік суреттер арқылы талқылау.

Ә) Сөздікпен жұмыс (INSERT)

Төре (төрелік)
Даулы мәселені шешетін ақсақал не ақылды, беделді адам.
Әкім
Басқарушы, билік өкілі.
Әйдік
Үлкен, беделді.
Ғалым
Білімді, зерттеу жүргізіп, жаңалық ашатын адам.

Б–В) Оқулық және дәптермен жұмыс

Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқыту. Дәптерге жоспар бойынша жазбаша жұмыс:

  1. 1-қатар: Ғалым мен жыланның түйеге жолығуы
  2. 2-қатар: Жеміс ағашына жолығуы
  3. 3-қатар: Итке жолығуы

Оқушылар өз түсінгенін қысқаша баяндап жазады.

Ой толғаныс

Венн диаграммасы

Венн диаграммасы арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру, ортақ және айырмашылық қасиеттерді анықтау.

Нәтиже

Оқушылар дәлел келтіріп, салыстыру дағдысын бекітеді.

«Бес жолды өлең» стратегиясы

  1. 1. Кім?
  2. 2. Қандай?
  3. 3. Не істеді?
  4. 4. Кім үшін?
  5. 5. Жалпы ойды түйіндеу

Қорытынды, үй тапсырмасы, бағалау

6) Сабақты қорытындылау

Оқушыларға үлестірмелі парақшалар таратылады. Сұрақ-жауап арқылы негізгі ой мен түйіндер бекітіледі.

7) Үй тапсырмасы

  • Әңгімені оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.
  • Өзіңе ұнаған көрініске байланысты сурет салу.

8) Бағалау

Оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігі мен жауаптарының сапасына қарай бағалау жүргізіледі.

Назар аударатын өлшемдер

  • Мәтінді түсіну және дәлелмен жауап беру
  • Топтық жұмысқа қатысу
  • Жазбаша жұмыстың ұқыптылығы