Ирек жіп

Интеллектуалдық ойын: 10-сынып

«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны (презентациясымен) — оқушылардың білімін жинақтап, өз ойын еркін жеткізуіне және логикалық ойлауын дамытуға бағытталған сайыс.

Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!

Мақсаты

Білімділік

  • Өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру және нәтижесін шығару.
  • Ұлттық тәрбие құндылықтарын нығайту.
  • Білімді жүйелеу, қайталау арқылы бекіту.

Тәрбиелік

  • Өз білімінің нәтижесіне сүйене отырып, өзін бағалай білуге тәрбиелеу.
  • Жаңа заман талабына сай компьютерлік сауаттылықты өз бетімен жетілдіруге ынталандыру.
  • Берілген тапсырмаларды орындау арқылы ұйымшылдыққа баулу.
  • Өз ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Сөздік қорын молайтуға бағыттау.
  • Ойын дұрыс жеткізе білуге, еркін сөйлеуге үйрету.
  • Алғырлықты, жылдамдықты және ұйымшылдықты дамыту.
  • Логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.

I-тур: «Бәйге»

Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауапты таңдаңыз. Әр сұрақта бір дұрыс жауап берілген.

Тест форматы: көп таңдаулы
  1. 1. а) Мата б) Жүн в) Иірілген жіп

  2. 2. Тігін машинасын ең алғаш рет кім ойлап тапқан?

    • а) Карл Вейзенталь
    • ә) Леонардо да Винчи
    • б) Томас Сент
    • в) Уильям Ли
  3. 3. Матада көлденеңінен жатқан жіп қалай аталады?

    • а) Арқау
    • ә) Негізгі
    • б) Көлбеу
  4. 4. Бисердің шығу тарихы ненің пайда болуына байланысты?

    • а) Моншақтың
    • б) Әйнектің
    • в) Тастың
  5. 5. Жібек мата неден алынады?

    • а) Зығырдан
    • б) Мақтадан
    • в) Тұт құртының жібінен
  6. 6. Халықтық дәстүрлер сипатындағы заманауи киімдер қай стильде тігіледі?

    • а) Фольклорлық
    • ә) Романтикалық
    • б) Спорттық
    • в) Классикалық
  7. 7. «Етті» салатының атауы?

    • а) Оливье
    • ә) Винегрет
    • б) Дәруменді
  8. 8. Белдің жарты орамының шартты белгісі?

    • а) МЖО
    • ә) АрБҰ
    • б) БЖО
  9. 9. Ілмек бізбен қандай жіптер тоқылады?

    • а) Ирек жіп
    • б) Жібек жіп
    • в) Кендір жіп
  10. 10. Пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі-түсті моншақты қалай атайды?

    • а) Ілгек
    • б) Стеклярус
    • в) Бисер
  11. 11. Техникалық сәндеуге не жатады?

    • а) Эскиз, сурет, фото
    • б) Тігу, әшекейлеу
    • в) Жапсырмалау