Екінші баласы

ШҚО, Семей қаласы

Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейі.

Педагог-психолог

Жұмағалиева Ақбота Талғатбекқызы

Мақсаты

Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екенін түсіндіру. Қатысушыларды бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін тануға тәрбиелеу. Дұрыс қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, жағымды «Мен» тұжырымдамасын дамыту.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Топтық жұмыс ережелері жазылған плакат, А3–А4 қағаздары, фломастерлер мен қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.

А3–А4 қағаз Фломастер Қарындаш Карточкалар Смайликтер Доп Жіп

І. Ұйымдастырушылық кезең

Амандасу – таныстыру жаттығуы

Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпінен басталатын жеке қасиетін қосып айтады.

Мысал

«Мен Арманмын, адал доспын».

ІІ. Негізгі кезең

«Автопортрет» жаттығуы

Әр қатысушыға екі бет беріледі. Қатысушыларға сипаттаманы тек бір бетке жазу керектігі және 2 минуттан кейін аты-жөні көрсетілген парақтарды тренер жинап алатыны ескертіледі.

«Мен басқаның көзімен» жаттығуы

Тренер алдыңғы жаттығуда жиналған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар портреттің иесін табуы керек. Табылған қатысушы ортадағы орындыққа отырады.

  • Портрет иесіне парақ қайта беріледі.
  • Қалған қатысушылар ол адам туралы пікірін айтады.
  • Өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттердің жанына «+» белгісі қойылады.
  • Мүлдем байқамаған қырларын екінші бетке жазып, автопортретін толықтырады.

«Өмір сүрудің ең жақсы жолы»: аңызды талдау

Бір ауылда орта жастағы бір кісі шағын дүкен ашып, сауда жасауды бастайды. Ақкөңіл, жайдары мінезінің арқасында ауыл адамдары оны жақсы көріп, оның дүкенінен жиі сауда жасайды. Тұрғындар таныс-тамырларына да осы дүкенді ұсынады.

Шағын дүкеннен бастаған кәсіп бір жылдың ішінде кеңейіп, Қазақстанның әр түкпірінде осындай дүкендер желісі ашылады. Бір күні әлгі кісі ауыр науқастанып, өмірінің соңы жақындағанын сезеді. Ол үш ұлын шақырып: «Үшеуіңнің біреуің барлық дүкенімнің иесі боласың. Мұрамды соған қалдырамын» дейді.

Әкесі әр ұлына 100 тиыннан беріп, шарт қояды: осы ақшаға бір зат сатып алып, кешке келгенде сол затпен әкесінің бөлмесін толық толтыру керек.

Кешке үлкен ұлы екі қап сабан әкеліп, бөлмеге шашады. Бірақ сабан көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмайды. Екінші ұлы екі жастық сатып алып, ішіндегі жүнін шашады — жүн де бөлмені толық толтыра алмайды.

Үшінші ұл тиынды ұсақтап, оның бір бөлігін мешітке, бір бөлігін қайырымдылық қорға, тағы бір бөлігін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға береді. Қалған 10 тиынға сіріңке мен шырақ сатып алады. Бөлменің жарығын өшіріп, шырақты жаққанда, бөлме аз уақыттың ішінде жарыққа толады.