Әркімнің де өлеңге бар таласы
Сабақтың тақырыбы
«Әркімнің де өлеңге бар таласы…» — М. Мақатаевтың шығармашылығына саяхат (10-сынып, қазақ әдебиеті).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Мәнерлеп оқу, жаттау дағдыларын қалыптастыру.
- Өлең табиғатын түсінуді тереңдету.
- Ақын шығармаларының идеялық мазмұнына сүйене отырып өлең құрауға үйрету.
- Өлеңді талдау жолдарын меңгерту.
Тәрбиелік
- Оқушыларды сөз өнерін қадірлеуге тәрбиелеу.
- Қабілет пен икемділікті дамытуға баулу.
Дамытушылық
- Ойлау мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Өз ой-пікірін еркін әрі дәл жеткізуге үйрету.
- Эстетикалық талғамды жетілдіру, көркем сөйлеуге баулу.
Сабақ форматы мен әдіс-тәсілдер
Сабақтың түрі
Саяхат сабақ, тіл ұстарту элементтері аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері
- Жеке және топтық жұмыс.
- СТО стратегиялары: ой қозғау, болжау, мағынаны ажырату.
Көрнекілігі
- Қанатты сөздер.
- Интерактивті тақта.
- Электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс
- Музыка
- Қазақ тілі
- Бейнелеу өнері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылар үш топқа бөлінеді.
II. Қызығушылықты ояту
Үнтаспа арқылы М. Мақатаевтың «Ей, өлең!» өлеңі тыңдатылады.
Ей, өлең, маған тиген еншім едің,
Бой жазайын, қасыма келші менің.
Менің саған шамалы жақсылығым —
Сен де маған, әрине, көншімедің.
Ой қозғау сұрақтары
- Көз алдарыңызға қандай көрініс елестеді?
- Кімге қандай ой келді?
- «Өлең» және «ақын» ұғымдарын қалай түсіндірер едіңіз?
III. Негізгі тақырыпқа арналған дәйексөз
Қазақтың тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес. Мұқағали поэзиясын сүйген адам еліне, жеріне ие болып, табиғатқа жанашыр бола алады.
— К. Ахметова