Мәтіндегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерді ата
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
«№21 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Сауытбаева Гульмира Серикбаевна
Пән
Ана тілі
Тақырып
Сырбай Мәуленов — «Дала жұлдызы»
Сабақ түрі
Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Мақсаты мен міндеттері
Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; көркем мәтіннің мазмұнын түсініп оқуға жетелеу.
1) Білімділік
- Түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру
- Мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту
2) Дамытушылық
- Мәтінді талдау қабілеттерін дамыту
- Оқушы белсенділігін арттыру
3) Тәрбиелік
- Ізгілікті, елжанды тұлға тәрбиелеу
Көрнекіліктер
- Ы. Алтынсариннің портреті
- Кесте
Әдіс-тәсілдер
- Жұптық жұмыс
- Талдау
- Сипаттау
Негізгі тұлға
Ыбырай Алтынсарин
1841–1889
Сабақ барысы
Оқыту үрдісіне кіріспе: жұмбақ шешу
Оқушылар жұмбақтарды шешіп, ортақ тақырыпты анықтайды.
Жұмбақтар
-
Сөзі дана, үні жоқ, …
Қолыңа алсаң — шешен,
Ақылы асқан көсем.
-
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ, …
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Саған ізі сөйлейді.
-
Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар.
Тапсырма: жұмбақтардың шешуіне ортақ тақырып ойлап тап.
Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру
Бүгін Сырбай Мәуленовтің «Дала жұлдызы» шығармасын оқимыз (оқулық: 9–11-бет).
Оқылым кезеңдері
- Үлгі оқу (мұғалім оқиды)
- Тізбек бойынша оқу
- Азат жолмен оқу
Сөздік жұмысы
Қараңғы — оқымаған, сауатсыз, білімсіз.
Талқылау сұрақтары
- Мәтінде кім туралы әңгімеленеді?
- Оқиғаға қатысушыларды үлгі бойынша ата.
- Сергіту сәті.
Жаңа білімді бекіту
Топтық және шығармашылық тапсырмалар арқылы мәтін мазмұны тереңдетіледі.
Топтық жұмыс
- 1–2-топ: берілген сөздерді қолданып, Ыбырай ата туралы әңгімеле.
- 3–4-топ: ерекшеленген сөздерді қолданып, Есжанның тұрмыс-жайын әңгімеле.
Мәтіннен тірек сөздер
Суретпен жұмыс
- Суреттегі адамдарға ат қой.
- Бұл сурет әңгімедегі қай оқиғаға сәйкес келеді деп ойлайсың?
- Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құра.
Дәптермен жұмыс
- «Жалғыз өскен емен» — …
- «Жалғыз жұлдыз» — …
- «Қара» сөзіне қарсы мәндес сөздерді тап та, жаз.
Қорытынды сұрақтар
- Бүгінгі сабақта кім туралы толық мәлімет алдық?
- Өзіңе жаңадан қандай білім алдың?