Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін пысықтау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімді пысықтау, әңгіме мен өлең арқылы мазмұнын толықтыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды Отансүйгіштікке, патриоттық рухқа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Өмірге деген көзқарасты ізгілікке бағыттау, ойды қорыта білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы: рәмізге құрмет

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріледі. Мемлекеттік Гимн Туға қарап тұрып, оң қолды жүрек тұсына қойып орындалады.

«Өзіңдікі тауың да, от пен ауа, суың да. Жаса, Қазақстаным, белді бекем буын да!»

Иран-Ғайып

«Азабыңды шеккен ел, тозағыңнан өткен ел. Батысыңда қар жатса, шығысыңда көктем ел...»

Қадыр Мырзалиев

«Алынғанмен бодандық, қолда бұғау, Биігіне біз күткен қонбадың-ау!»

Сайлау Байбосын

Бүгінгі алып ел – біздің Қазақстан Республикасы. Ата-бабаның асыл арманы орындалып, тәуелсіздікке қол жеткіздік. «Мен – қазақ, қазақпын» деп мақтанып, ұранға «Алаш» атты алып, елдік рухты жаңғырттық.

Тәуелсіздік және тіл

Тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі – сол халықтың ана тілі. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде 1992 жылғы құжаттарда және 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституцияда бекітілді.

1998 жылы «Тіл туралы» Заңды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бағдарлама қабылданды.

16 желтоқсан

Бұл күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданды.

Ақ Жайықтан Алтайға, Атыраудан Алатауға дейінгі ұлан-ғайыр жер – миллиондаған қазақтың Отаны. Қазақстан тең құқылы мемлекет ретінде әлемге танылды. Бұл еркіндікті алғашқылардың бірі болып түрік бауырларымыз мойындады, көп ұзамай Канада, Бразилия, Үндістан, АҚШ секілді елдер де құттықтап, тәуелсіздікті таныды.

Сұрақ-жауап: «Нағыз азамат» ұғымы

Мұғалімнің сұрағы

Балалар, нағыз азамат деген қандай адам болуы керек?

Оқушының жауабы

Нағыз азамат – өзін және айналасындағы адамдарды, отандастарын сыйлайтын, қадір-қасиетін құрметтейтін адам. Ол мемлекет қабылдаған заңдарды бұзбай, сақтайды. Нағыз азамат болу – өз елінің патриоты болу. Патриот болу – Отанын құрметтеу, жетістіктерімен мақтану, өз елінің тарихын білу, батырларын есте сақтап, ел үшін талмай еңбек ету.

Келесі сұрақ

Ел тізгінін өз қолына алып, кемел келешекке нық сеніммен қадам басқан Елбасы туралы не білесіңдер?

Оқушының жауабы (үзінді)

  1. 1940 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында Әбіштің отбасында тұңғыш ұл болып дүниеге келген.