Бүркіт тобы

Іс-шараның мазмұны

Бұл материал балабақшадағы ортаңғы топ тәрбиеленушілері арасында өтетін «Спорт – сенің серігің» атты топтық спорттық сайысқа арналған.

Мақсаты

  • Денсаулық ұғымының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу.
  • Денсаулықты сақтау және нығайту қажеттілігі туралы түсінікті кеңейту.
  • Балалардың денсаулығын нығайтуға қызығушылығын арттыру.
  • Денсаулықты күтуге, бағалауға және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

Слайдтар, спорт туралы нақыл сөздер, шарлар, доптар, қасық, қап, картоп, жұмыртқа, кеглилер, ысқырық және басқа да қажетті құралдар.

Ашылуы

Спорттық би.

Сайыс барысы

Жүргізуші

Құрметті қонақтар, ата-аналар және Көркемай балабақшасының бүлдіршіндері! Бүгін ортаңғы топ тәрбиеленушілері арасында өтетін «Спорт – сенің серігің» атты топтық сайысымызға қош келдіңіздер.

Бұл — балаларға тәрбиелік мәні зор, ойын-сауық пен спортты ұштастырған іс-шара. Сайысқа екі топ қатысады.

Толағай

Оу, мына жерде балалар жиналып қалыпты ғой! Сәлеметсіңдер ме, балалар, ата-аналар, қонақтар! Менсіз «Спорт – сенің серігің» сайысын өткізгелі жатырсыздар ма?

Жүргізуші

Сәлеметсіз бе, Толағай! Келіңіз, сайысты бірге жүргізейік.

Толағай

Ал, қанеки, қонақтар, ортаға назар салайық: ойыншылар келеді, қол соғып қарсы алайық!

Топтарды қарсы алу

Жүргізуші

Әр таңды бақытпен аттырамыз, өнерді ой көгінде бақылаңыз. Сайысқа қатысуға ортаға «Бүркіт» тобын шақырамыз.

Жүргізуші

Салауатты өмір салтын ұстанған, ешқашан мойымайтын болашақ спортшылар — ортада «Барыс» тобы! Қол соғып қарсы алайық.

Топтардың белгісі

  • «Бүркіт» тобы — ақ түсті киім.
  • «Барыс» тобы — жасыл түсті киім.

Әділқазылар алқасы және бағалау

Сайыс болған соң, спорт заңы бойынша әділ бағасын беретін құрметті әділқазылар алқасымен танысайық:

  • №33 «Көркемай» балабақшасының меңгерушісі: Конаева Г. К.
  • №33 «Көркемай» балабақшасының әдіскері: Гилажева А. М.
  • №33 «Көркемай» балабақшасының психологы: Жұмашева А. Б.

Әр кезең 5, 4, 3 ұпай жүйесімен бағаланады. Әр сайыстан кейін әділқазылар өз бағасын жариялап отырады.

Сайыс кезеңдері

Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алады, ал дені сау ұрпақ — ұлт болашағы. Құрметті бүлдіршіндер, әділқазылар және қонақтар, сайыс бөлімдерімен танысыңыздар.

  1. 1-кезең

    Таныстыру

  2. 2-кезең

    Құлатпай алып өт

  3. 3-кезең

    Мергендер

  4. 4-кезең

    Кім жүйрік

  5. 5-кезең

    Жұмыртқаны түсірме

  6. 6-кезең

    Картоп егіп кел де, жинап ал

  7. 7-кезең

    Ептілік

  8. 8-кезең

    Допты түсірме

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар! Толағай, ендеше сайысымызды бастайық.

Толағай: Қалма жұрттың соңында, қажет болса мың атта. Аздық етер оның да, жету үшін мұратқа.

1-кезең: Таныстыру

Шарттары

  • Топтың аты.
  • Ұраны.
  • Мүшелерін таныстыру (3–5 минут).

Жүргізуші

Өнер қуып отбасы өтер дейміз, бір басына өнері жетер дейміз. Сайысқа келген топтар кезектесіп, өздерін таныстырсын.

(Топтар ұрандарымен таныстырады.)

«Бүркіт» тобы

Айгөлек ортаңғы тобы

Ақ киім

Ұраны: Ұшақтан да ұшқырмыз, жедел озған жүйрікпіз. Келіп тұрған жарысқа, Бүркіт тобы боламыз!

«Барыс» тобы

Жұлдыз ортаңғы тобы

Жасыл киім

Ұраны: Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты. Барыс тобы боламыз, жарысамыз ой қатты!

Құрметті әділқазылар, 1-кезең бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Келесі кезеңге өтпес бұрын

Толағай: Шынықсаң шымыр боласың, сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, жақсы азамат боласың.

Қорытынды дерек

Атырау қаласы, Бірлік ауылы, №33 «Көркемай» балабақшасының дене тәрбиесі нұсқаушысы: Амантаева Лунара Утегеновна.