Армысыздар аталар мен аналар, ұстаздар
Сабақтың тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс»
Мақсаты
- Әліппе пәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау.
- Эстетикалық талғамын тереңдету, өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту.
- Ана тілін, туған жерін, Отанын сүйіп-қастерлеуге тәрбиелеу.
Барысы
Мұғалімнің сөзі
Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгін — қуанышты күн. «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын! Балаларымыз білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін. Ендеше, ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Өлең
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып, жаза алатын халге жетті —
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата-ана қуанып, шаттанады,
«Оқыды» деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты?
Барлық мамандық мектептен басталады.
Көрініс
Сахнада: алты жасар баласын алпыстағы атасы жетектеп, көшеде келеді.
Басталуы
Сахналық ремарка
Алпыстағы ата сүрініп келеді, алты жасар бала жүгіріп, асығады.
Бала
Апа, мені мектепке апар,
Бұл — ата-аналық парызың.
Оқып, білім аламын,
Мен оқушы боламын.
Ата
Асықпа әлі, қарағым,
Санауға енді жарадың.
Жасың толсын алтыға —
Сонда алып барамын.
Жалғасы
Бала
Менің қарыс маңдайым,
Балаң болам талапты.
Тәртіп сақтап әрдайым,
Жақсы оқимын сабақты.
Ата
Айтқанымды, шырағым,
Шығарма тек санаңнан.
Мектептегі мұғалім
Кем болмайды анаңнан.
Ремарка
Ата баланың сөмкесін иығына іледі.
Бала
Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз күлімдеп,
Қадамымды құп алып.
Оқушылардың кіріп келуі
Осы кезде барлық оқушылар әуенмен сыныпқа кіреді де, сәлемдеседі.
Оқушылар (өлең)
Қуан, шаттан, қуан, шаттан —
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн —
Күліп шықты күн бүгін.
Үлкенге де — сіз, кішіге де — сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз бүгін біз.
Қонақтарға арнау
Жанель
Армысыздар, аталар мен аналар, ұстаздар! Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын!
Дана
Армысыздар, мұғалімдер — әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар! Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді — Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
Оңғарсын
Қош келіпсіздер, ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім менен нұр тамар. Алдарыңызда жауқазындай құлпырған — Біз, алаңсыз балғын шақты балалар.
Аида
Шашу, шашу шашайық, ақ сандықты ашайық! Бұл мереке, бұл тойдың бастаңғысын жасайық!
Ремарка
Шашу шашылады.