Мұқағали МақатаевДастарқан үстінде(Өзбек жігітіне)Ойға жыр, көңілге күй, жанға тыныс, Айналаң алма - өрік, алда қымыз

Мұқағали Мақатаев

Дастарқан үстінде
(Өзбек жігітіне)
Ойға жыр, көңілге күй, жанға тыныс,
Айналаң алма - өрік, алда қымыз.
Асан атам аңсаған Жерұйығы,
Жігітім, жақсы ә, біздің Алматымыз?
Әсіресе маған бір ұнайтыны -
Алатаудан долы өзен құлайтыны,
Құлын - тайдай тебіскен құрбылардың,
Әзілменен бір - бірін сынайтыны.
Қоңыр салқын ауасы Алматының,
(Мен өзім Алматының солдатымын).
Сайраңдауға келіп тұр, өзбек досым,
Сауық құрып саяла, ал да тыным.
Қымыз іш, қазыдан ал, тартынбағын,
Тауға жүр, өзенге түс, салқындағын,
Өзіңнің өзбек бабаң секілденген
Ұмытпа қазақ деген халқың барын.
Есіңе салатыным тағы да бір,
Серуенде, Алматының бағына кір.
Киіктің лағындай қыздарымның
Жанына жаныңменен жағына біл.
Ойға жыр, көңілге күй, жанға тыныс,
Айналаң алма - өрік, алда қымыз.
Ташкент шәрін өзіне бауыр тұтқан
Жігітім, жақсы, ә, біздің Алматымыз?!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Облыстық «Ақтөбе» газеті
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жыраулар
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тұлғасы
Туған елім, тірегім ( әдістемелік құрал )
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Тілдік әдеби норма және поэтикалық тіл
Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны
Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш
Көш атты өлеңінде
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау
Фирманың баға саясаты және баға стратегиясы нарық құрылымының әсерін талдау
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
АҚША - НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
ҚАЛҚАМАНҰЛЫ БҰҚАР ЖЫРАУ
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Пайда, оның экономикалық мазмұны, түрлері және анықтау әдістері «Қостанай минералдары»
Әлеуметтік бағдарланған рынок концепциясыны жобаның себебі және әр түрлі елдердегі қолдану салдары
Желілік жоспарлау мен басқару әдісін қолданғандағы экономикалық талдаудың және бизнес жоспарлаудың стратегиясы және тактикасы