Сұлушаш поэмасына сценарий құру
Сабақтың тақырыбы
Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. «Сұлушаш» поэмасы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
С. Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып, жазушының шығармашылық зертханасына үңілу; «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысу; кейіпкерлер жүйесін талдау; шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу.
Тәрбиелік
Жазушы шығармашылығын меңгерте отырып, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу; ана тілін, тарихын, әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту; әдеби сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, көркем әрі жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақ түрі
Дәстүрлі емес
Сабақ типі
Жаңа тақырыпты бекіту сабағы
Әдіс-тәсілдер
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, INSERT әдісі, ойын элементтері.
Көрнекілігі
Оқулық, жазушының суреті, еңбектері.
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, ағылшын тілі, орыс әдебиеті, тарих.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
- Сәлемдесу.
- Кезекшімен сұхбат.
-
«Миға шабуыл» арқылы сұрақтар:
- Биыл қандай ақын-жазушылардың мерейтойы аталып өтеді?
- «Бес арысты» ата.
- «Үш бәйтеректі» ата.
2) Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға алдын ала С. Мұқановтың өмірі және «Сұлушаш» поэмасының мәтінімен танысып келу тапсырылған.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Сабақ жарыс түрінде өтеді.
Сайыс кезеңдері
- Ой ашар
- «Мен айтамын, сен жалғастыр»
- Ділмар
- Тапқырлық
1-кезең: Ой ашар
Әр топ өзіне берілген пікірді дәлелдеп қорғайды:
- 1-топ (Ақындар): «С. Мұқанов — ақын» пікірін дәлелдейді.
- 2-топ (Жазушылар): «С. Мұқанов — жазушы» пікірін дәлелдейді.
- 3-топ (Зерттеушілер): «С. Мұқанов — қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші» пікірін дәлелдейді.
Қосымша мәлімет беріледі және жазушыға арналған көрмемен таныстырылады.
2-кезең: «Мен айтамын, сен жалғастыр»
Әр топтың оқушылары «Сұлушаш» поэмасының мәтінін бірінен кейін бірі жалғастырып баяндайды.
3-кезең: Ділмар
Әр топқа 9 сұрақтан беріледі. Жауаптарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айту талап етіледі.
Ақындар тобына
- «Сұлушаш» поэмасы қай жылдар аралығында жазылды? (1926–1928)
- Төртөбел деген не? (жылқы — лошадь — horse)
- Жасырын сөзді тап: Алтай қозы бақты, қой бақты, тағы не істеді? (отын жақты — дрова — wood)
- Алтынайдың әкесі қызының жасауына қосып тағы кімді берді? (құл, күң — раб, рабыня — slave)
- Сұлушаштың шашын бір өргені үшін әкесі қанша төлейтін? (бір жылқы — одна лошадь — one horse)
- Ермек Алтайға кім болып келеді? (іні — младший брат — younger brother)
- Қалың малға қоса күйеу жігіт «босаға айыбы» ретінде не берді? (100 жылқы — 100 лошадей — hundred horses)
- Алтай мен Сұлушаш қай мезгілде қашпақшы болды? (күз — осень — autumn)
- Алтайдың елге келмей, қой бағып жүргеніне неше жыл болды? (бір жыл — один год — one year)
Жазушылар тобына
- Тілеуберді Алтынайға қалың мал ретінде неше жылқы берді? (мың — тысяча — thousand)
- Алтынайдың әкесі қызының жасауын неге артып береді және оның саны нешеу? (90 нар — девяносто нар — ninety camels)
- Тілеуберді ұрын келетін күйеу жігіт үшін неше үй тіктіреді? (он — десять — ten)
- Сұлушашқа құда түскен күйеу жігіттің түр-келбеті қандай еді? (ұсқынсыз — некрасивый — ugly)
- Жасырын сөзді тап: Алтайдың айтуынша, аң аулайтын қолымызда жоқ садақ яки мылтық, ал аяққа не киеміз? (шаңғы — лыжи — skis)
- Құз басындағы бүркітті аулау үшін арқан мен торды кім береді? (шал — старик — old man)
- Алтай мен Қайсар Сұлушашқа «бүркітті ұстап келгенше тұзақпен нені ұстап, сонымен ас дайындап қой» дейді? (қоян — заяц — hare)
- «Сұлушаш» поэмасы неше үлкен бөлімнен тұрады? (төрт — четыре — four)
- Сұлушаш нешеге келгенде көркі толысты? (он алты — шестнадцать — sixteen)
Зерттеушілер тобына
- Тілеуберді неше жыл отасқаннан кейін балалы болып, Сұлушашты көреді? (екі-үш жыл — два-три года — two to three years)
- Сұлушаштың сұлулығын сипаттағанда жазушы қыздың мойнын неге теңейді? (аққу — лебедь — swan)
- Ырысты деген кім? (күйеу жігіт — жених — groom)
- Алтай жастайынан нені бағып өсті? (қой, қозы — овцы, ягнёнок — sheep, lamb)
- Сұлушаш Алтай мен Қайсарды күтіп отырғанда, қайтып бара жатқан қандай құсты көріп, тіл қатады? (қаз — гусь — goose)
- Алтай таудан Сұлушашқа қарай келе жатқанда ормандағы аңдар не себепті қаша бастайды? (өрт — пожар — fire)
- Сұлушаш Алтайды кездесуге алғаш шақырғанда екі жүзді не береді? (қанжар — кинжал — dagger)
- Байбосын Тілеубердіге кім болып келеді? (құда — сват — matchmaker)
- Сұлушаш кішкентай кезінде не жасап ойнайтын? (қуыршақ — кукла — doll)
4-кезең: Тапқырлық
Әр топ кейіпкерлерге берілген мінездемені мәтіннен дәлелдермен негіздейді. Талқылауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Сұлушаш — ерке, шолжаң емес; ақылды, парасатты жан.
- Алтай — өжет, тапқыр жігіт.
- Алтынай (ана) және Айжан (жеңге) — ескі салтты ұстанушылар.
- Алтай — адамгершілігі жоғары жігіт.
- Сұлушаш — өжет, қайсар қыз.
- Қайсар — досқа адал жан.
Сабақты қорыту
INSERT әдісі арқылы оқушылар кестені толтырады:
| Білгенмін | Білдім | Білгім келеді |
|---|---|---|
| … | … | … |
Бағалау
Әр топ жауаптарының сапасына қарай бағаланып, жеңімпаз топ анықталады.
Әр оқушы сабақ барысында жинаған жұлдызшалары бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
«Сұлушаш» поэмасына сценарий құру.