Бақыт жолы тек білімнен табылар
Барысы
Бұл кеш — төрт жыл бойы білім мен тәрбиені қатар игерген бүлдіршіндердің бастауыш мектеппен қоштасу сәті. Оқушылардың еңбегі бағаланып, жүрекжарды тілектер айтылады.
I. Ұйымдастыру
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүгін, міне, осыдан төрт жыл бұрын кішкентай болып мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз төрт жылдық білімді игеріп, бастауыш мектеппен қоштасқалы отыр. Осы жылдар ішінде алдарыңызда тұрған әрбір бала мектептің тәртібі мен қағидаларын үйреніп, өз білімін нығайтты.
II. Өлең жолдары
1-оқушы:
Армысыздар, мұғалімдер — әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әндер шырқалар.
2-оқушы:
Армысыздар, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған —
Балғын шақты біз, бақытты балалар.
3-оқушы:
Мұғалім — бұл адамның ардақты аты,
Білімділік — әр биікке бастар саты.
Ең әуелі үйрету осы адамнан басталар,
Сондықтан да ыстық бізге, жақын жаты.
III. Мағынаны тану
Ахмет Иүгнеки
«Бақыт жолы тек білімнен табылар»
Сұрақ: Білім артық па, әлде дүние-байлық артық па?
1. Білім артық
Білім сені асырайды, ал дүниені сен асырайсың.
2. Білім артық
Білімің көп болса — досың көп; дүниең көп болса — дұшпаның көп.
3. Білім артық
Білім іздеген сайын көбейеді, ал жиған дүниеңді берсең — азаяды.
4. Білім артық
Білім көп болса — құрмет артады; байлық асса — қызғаныш көбейеді.
5. Білім артық
Білімді ұрыдан сақтау қажет емес, ал дүниені ұрыдан күнде қорғау керек.
6. Білім артық
Білімді есептеу міндет емес, ал дүние көп болса — есеп-қисап та көбейеді.
7. Білім артық
Білімді қанша уақыт сақтасаң да тозбайды; ал дүние-мал көбейсе — азабы да көбейеді.
8. Білім артық
Білім адамды нұрландырып, дүниені дұрыс тануға жетелейді; ал дүниеқоңыздық адамгершілікті әлсіретіп, тура жолдан тайдыруы мүмкін.
Түйін
Байлық — уақытша, ал білім — өмірлік серік. Бақытқа бастар жолдың өзегі де, адамның биігі де — білім.