Ардагер сыры Ауғанстан соғысына қатысқанардагерлер туралы деректемелер
ШҚО, Аягөз қаласы
№ 5 жалпы білім беретін орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі, информатика пәні мұғалімі: Муратқанова Перизат Муратовна
Сабақтың тақырыбы
Ауғанстан ақиқаты
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға Ауғанстан соғысы туралы мәлімет беру және осы соғысқа қатысқан ардагерлермен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушыларды келешекте әскери және азаматтық борышын адал өтеуге, өз халқына және еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі
Көрнекілігі
Отан, ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер, слайдтар.
Сабақтың барысы
I бөлім. Деректеме — «Ауғанстан ақиқаты»
Ауғанстан соғысына қатысты деректер мен тарихи мәліметтер ұсынылады.
II бөлім. «Өлең — сөздің патшасы»
Дәулетбек Қалышкенұлы
Бітпейді соғыс салған салдарлары,
Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі?
Қырық бірдің отты жылы көнергенде,
Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы.
Таулы аймақ Кабул, Баграм, Қандагарда,
Өлім сеуіп, ұлыған қанды аралда,
Он сегіз–жиырмадағы боздақтардың
Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.
Бауырым, сен де соған барып қайттың,
Кеудеңе орден, медаль тағып қайттың.
Тілейміз енді соғыс болмағанын,
Жат жерде жансыз дене қалмағанын.
Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,
Ашық аспан астында самғағанын!
III бөлім. От кешкен Ауғанстан ардагерлері
Ауғанстан соғысына қатысқан ардагерлер туралы деректемелер беріледі.
IV бөлім. «Сөздің көркі — мақал»
Отан, ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер бойынша жарыс ұйымдастырылады.
Музыкалық бөлім
«Әлия» әні — С. Бәйтереков, өлеңі — Б. Тәжібаев.
V бөлім. Он сегізінде от кешкендер
Ауғанстан соғысына қатысқан ардагерлер туралы деректемелермен танысу жалғасады.
VI бөлім. «Ойлан, тап» — жұмбақ жарысы
-
1) Белі бүкір, алысқа түкір.
Жауабы: мылтық
-
2) Жылт-жылт еткен, жырғадан өткен.
Жауабы: мылтық оғы
-
3) Тиіп кетсе тырс етіп қақ жарылған, бар тетігі адамзатқа бағынған. Мерт қылады жақын келген нәрсені, қастық қылса жаудың жайы табылған.
Жауабы: бомба
-
4) Сырты ағашпен қабатталған, ілініп бір бөлшегі салақтаған. Асылды ішіндегі алсаң тартып, тіліндей сұр жыланның жалақтаған.
Жауабы: қылыш
-
5) Көзге түсіп көріне жүрмейді, сүйтсе де бірде танып кідірмейді. Күні-түні барады тынбай жүріп, қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмей.
Жауабы: өмір
-
6) Өмір-өмір, өмірден, жаққан оты көмірден. Шыңрау деген бір құс бар, жұмыртқасы темірден.
Жауабы: оқ (мылтық)
VII бөлім. Ардагер сыры
Ауғанстан соғысына қатысқан ардагерлер туралы деректемелер ұсынылады, естеліктер мен ой-толғамдар талқыланады.
VIII бөлім. Тақырып бойынша тапсырмалар орындау
Тапсырма 1
Таңбалардың орнына әріптерді қойып, жасырылған сөйлемді табыңдар: