Дүние жүзі тарихы 6 - сыныпСабақтың тақырыбы
Дүние жүзі тарихы (6-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Ежелгі Парсы патшалығы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
- Білімділік
- Ежелгі Парсы патшалығының құрылуы мен саяси тарихын түсіндіру; діні мен мәдениетіне сипаттама беру.
- Дамытушылық
- Топ ішінде жұмыс істеу дағдысын, қисынды ойлауды дамыту; оқулықпен, мәтінмен және кескін картамен жұмыс істеу біліктерін арттыру.
- Тәрбиелік
- Адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
- «Аралдарға саяхат» ойыны (зияткерлік турнир)
- «Тірі бейне»
- «Қатені тап»
- «Кейіпкерді анықта»
- Постермен жұмыс
Көрнекіліктер және байланыстар
Көрнекілігі
Интербелсенді тақта, тапсырма парақтары, суреттер, А3 форматындағы қағаздар, түрлі түсті қарындаштар, стикерлер.
Пәнаралық байланыс
Қазақстан тарихы, география.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Оқушыларды жетон түстері бойынша екі топқа бөлу.
- Әр топқа кеме атауын беру: «Геродот» және «Клио».
2) Үй тапсырмасын тексеру: «Аралдарға саяхат» ойыны
Ойын ережесі
Әр топқа бір кеме тиесілі. Тапсырмаларды дұрыс әрі жылдам орындау арқылы жеті аралға «саяхат» жасайды. Дұрыс жауап берген кеме келесі аралға өтеді. Қазынаға бірінші жеткен кеме жеңімпаз атанады.
«Бой сергіту» аралы: елдер мен астаналар
Мұғалім мемлекеттердің атын атайды, ал ойыншылар олардың астаналарын тез айтып шығуы керек. Көп дұрыс жауап берген топ келесі аралға өтеді.
- Египет Мемфис
- Урарту Тушпа
- Ассирия Ниневия
- Хетт патшалығы Хаттуса
- Вавилон Вавилон
- Израил (Иудейлік мемлекет) Иерусалим
«Тірі бейне» аралы: Ваал туралы талқылау
Оқушыларға Ваал құдайының бейнесі көрсетіледі. «Ваал және Алийян» дастаны бойынша Ваал туралы білімдерін ортаға салады.
Негізгі кейіпкерлер
- Ваал — көктем құдайы.
- Алийян — көктем құдайының ұлы.
- Мот — өлім құдайы.
- Анат — құнарлылық құдайы, Ваалдың жары.
Оқиға желісі (қысқаша)
Ваал өлім құдайы Мотты жеңеді, бірақ өзі де қаза тауып, баласымен бірге о дүниеге аттанады. Ваалдың жары Анат Мотпен күреседі. Ақырында Ваал қайта тіріліп, Мотты жеңеді.
3) Жаңа тақырып: Ежелгі Парсы патшалығы
Картамен жұмыс
Мұғалім Кир патшаның тұсында Ежелгі Парсы патшалығының құрылуын түсіндіреді және оның географиялық орналасуын картадан көрсетеді.
«Парсы патшалығы» аралы: кескін карта
Топтар кескін картаға Парсы патшалығының алғашқы аумағын және б.з.б. V ғасырдың басындағы аумағын түсіреді.
«Қатені тап» аралы: мәтінді түзету
Оқушылар алдымен мәтінмен мұқият танысады. Кейін парақ алынып, қателері бар нұсқа беріледі. Мақсат — қателерді тауып, мәтінді дұрыс нұсқаға келтіру.
Негізгі мәтін
Мидия мемлекеті Вавилонмен одақтасып, әлсіреген Ассирия мемлекетін жаулап алады. Кіші Азиядағы парсыларды да бағындырады. Бірақ Мидия мен Вавилонның достық қатынасы ұзаққа созылмай, қанды соғысқа ұласады. Мидияның патшасы Астиаг пен Вавилон билеушісі Набонид күресіп жатқан кезде, парсы патшасы Кир Мидияны оңай жаулап алады. Айлакер Кир патша Вавилондағы патша билігіне қарсы саудагерлер мен абыздардың наразылығын пайдаланып, елде тыныштық орнатамын деген уәдемен Вавилон мемлекетін де жаулап алады. Б.з.б. 529 жылы Кир патша Орта Азиядағы сақ тайпаларының патшайымы Томириске қарсы соғыс ашады.
Оқушыға нұсқау
Мәтіндегі даталар, тұлғалар және оқиғалардың логикалық байланысына назар аударыңыз. Қате тұстарын дәлелмен түзетіп жазыңыз.