Түсті шарлар
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі
Сурет
Тақырыбы
Түсті шарлар
Көрнекілігі
- Шарлар
- Қағаз
- Бояу
- Қарындаштар
Мақсаты
- Балалардың ой-өрісін дамыту және «шарлар әлемімен» таныстыру.
- Жыл мезгілдері туралы түсінігін толық қалыптастыру.
- Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
- Түстерді ажырата білуге баулу.
- Бояуды дұрыс қолдануға және ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.
- Мерекелер туралы түсіндіру, көңіл күй мен әсемдікке назар аударту.
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Сұрақтар:
- Қазір қай мезгіл?
- Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
- Ауа райы қандай?
Ұйымдастыру-іздену кезеңі
Балалардың назарын сабаққа аудару және сурет салуға қызықтыру:
- Қағазға сурет салғыларың келе ме?
- Қай мезгіл екенін айтып беріңдерші.
- Қандай жемістерді білесіңдер?
Тақпақ айту
Балалар жыл мезгілдері, шарлар және мерекелер туралы тақпақтарын орындайды.
Түсіндіру
Шарлардың мерекелердегі орны, түстердің мәні және суретте бояуды дұрыс қолдану ережелері қысқаша түсіндіріледі.
Топтық жұмыс
1-топ
Суретті бояумен бояйды.
2-топ
Суретті түрлі түсті қарындашпен бояйды.
Сергіту сәті
Ойын: «Қай жеміс жоғалды?»
- Тақтаға бірнеше жемістің суреті ілінеді.
- Балалар теріс қарап тұрғанда, бір жеміс алынып тасталады.
- Балалар қай жеміс жоғалғанын табады.
Талқылау сұрақтары
- Жемістердің қандай пайдасы бар?
- Қандай жемістерді ұнатасыңдар?
Дидактикалық ойын: «Не артық?»
Балалар берілген заттар мен суреттердің ішінен артық элементті табады және неліктен артық екенін түсіндіреді.
Қорытынды
Балалардың орындаған жұмыстары талқыланып, түстерді дұрыс қолдануы мен ұқыптылығы атап өтіледі.
Көрме
Балалардың жапсырған алмалары мен салған суреттері көрмеге ілінеді.
Тақырып: Түсті шарлар.