Оқушылардың ынта - зейіндерін сабаққа аудару
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Дыбыстардың жіктелуі, дауыссыз дыбыстардың түрлері мен жасалу жолдары туралы білімді нақтылау және бекіту.
Тәрбиелік
Сауаттылыққа, көркем жазуға, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ойды жинақтау дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетті дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу. Бүгін қазақ тілі сабағын өткіземіз. Сабақтағы білім фишка арқылы бағаланады (5 — қызыл, 4 — сұр, 3 — сары). Сабаққа дайынбыз ба? Көктемнің шуақты күніндей сәттілік тілеймін.
- 2 Қатысымды тексеру. Оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау.
- 3 Ынта-зейінді шоғырландыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Өткен тақырыптарға шолу
1) Білімді тексеру (жұмбақ)
Тақтада құлыптаулы сандық бейнеленген. «Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады» дегендей, жұмбақты шешіп, сандықты ашайық:
Жұмбақ
Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.Жауабы: дауысты және дауыссыз дыбыстар.
Сандық ашылған соң ішінен әріптер шығады. Енді сол әріптердің қандай дыбысты білдіретінін анықтау үшін оларды табақшаларға бөліп саламыз.
2) Анықтау сұрақтары
- Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
- Дауысты дыбыстар қалай жіктеледі? (Оқушылар дауысты дыбыстардың жіктелуін айтады.)
- Кесте толтыру. Берілген кесте бойынша дауысты дыбыстардың түрлерін жүйелеу.
Қорытынды: Дауысты дыбыстарды жіктеп, ережесін еске түсірдік. Енді дауысты мен дауыссыз дыбыстарды салыстырып, олардың айырмашылықтарын талдаймыз.
III. Жаңа тақырып: Дауыссыз дыбыстардың түрлері
1) Салыстыру арқылы ереже шығару
Төмендегі дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін салыстырып, дауыссыз дыбыстың анықтамасын шығарамыз:
Ереже: Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Сабақ мақсатын нақтылау
Бүгін біз дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын және олардың түрлерін меңгереміз.
Жіктелуі
Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді.
2) Сызба арқылы талдау
Жалпы саны
25
Дауыссыз дыбыстар саны
Түрлері
- Қатаң 1
- Ұяң 2
- Үнді 3
Ескерту: мұндағы 1–3 — түр атауларының реті.
Автор туралы
Павлодар қаласы, №9 ЖОББГМ ММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі — Карманова Нұргүл Аманжолқызы.