Тілі жаманның тілінен алас

Тыйым сөздердің тәрбиелік мәні

Тәрбиеші: Ұрпақ — ғылымның да, ғұмырдың да жалғасы, тіршіліктің өзегі. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді: жанған отын өшірмей, түтінін түтететін кейінгі буынды тәрбиелеуді мақсат етеді.

Бала дүниеге келгеннен кейін ата-ана әртүрлі тыйымдар мен ырымдар арқылы баланы әдепке, сақтыққа және ізгілікке баулиды. Сол себепті тыйым сөздер халық педагогикасында тәрбие көзі ретінде ерекше орын алады.

Есім қоюдағы ырым

Жас сәбидің қалы немесе меңі үлкейіп кетпесін деген ниетпен Қалдыгүл, Меңдігүл секілді ат қою дәстүрі кездеседі.

Белгі мен ниетке қатысты наным

Сәби үйге «Ассалаумағалейкум» деп кірсе, ол үйге қонақ келеді деп жориды. Ал қолындағы затты «шашу» етіп шашса, ол үйде той болады деген ырым айтылады.

Бесікке қатысты тыйымдар

«Тәрбие көзі — тал бесіктен» деген сөз бекер емес: баланың алғашқы тәрбиесі бесіктен басталады. Сондықтан бесікке қатысты тыйымдар да киелі ұғымдармен сабақтас.

1-оқушы

Бесікті сатуға, кез келген адамға беруге, аяқ астына тастауға болмайды. Қазақ ұғымында бесік — ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым.

2-оқушы

Бесікті ашық қалдырмайды. Ара-тұра аластатып, жын-шайтаннан қорғайды деп сенеді.

Көрініс: «Бесікке салу»

1) Бесікті аластау

Алас, алас, пәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!

2) «Тыштырма» жасау

Бесіктің берекесі мен баланың тыныштығын тілейтін ырымдық әрекет.

3) Бесікке бөлеу

«Бісмілләһи рахмани-рахим» деп, баланы бесікке бөлеу рәсімі орындалады.

4) Бесік жыры

Бесік жыры орындалып, ана тілегі мен мейірімі әуен арқылы балаға дариды.

Жолға қатысты тыйымдар мен әдеп

Тәрбиеші: Қазақ ұғымында жолға шығудың өзі — сын. Сәрсенбі күні жолға шыққан адамның жолы болады деп сенген, ал сейсенбі күні жолға шықпағанды жөн көрген.

3-оқушы

Жолда кездескен адамнан «Қайда барасың?» деп сұрамайды. Оның орнына «Жолың оң болсын» деп тілек айтады.