Шахмат жарысы
Шахмат үйірмесінің тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Шахмат – ми гимнастикасы»
Мақсаты
- Оқушылардың шахмат ойынына қызығушылығын арттыру.
- Ойлау қабілетін дамыту, логикалық пайымдауды жетілдіру.
- Салауатты өмір салтын насихаттау.
Форматы
- Түрі
- Дәстүрлі емес
- Әдісі
- Жарыс-сайыс, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
- Пәнаралық байланыс
- Математика, дене шынықтыру, бейнелеу өнері
Көрнекілігі
Шахмат тақтасы мен тастары, шахмат сағаты, магнитті шахмат тақтасы мен тастары, сұрақ таңдауға арналған торкөз қағаз фигуралары.
Сайыстың барысы
- I Ұйымдастыру. Қатысушыларды қарсы алу, дайындықты тексеру.
- II Екі топқа бөлу. Қатысушыларды командаларға біріктіру.
- III Әділқазылармен таныстыру. Бағалау тәртібі мен ұпайлау жүйесін түсіндіру.
- IV Кіріспе сөз. 5–7-сынып оқушыларына арналған «Шахмат – ми гимнастикасы» сайыс сабағына қош келдіңіздер!
Екі топ сайысқа түседі. Қатысушыларға шахмат тастары бейнеленген тәждер кигізіледі:
I топ — «Шах»
Ақ түсті тәж
II топ — «Мат»
Қара түсті тәж
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Жүлде алып, ел намысын сақтасын.
Өнерімен танылып бүлдіршіндер,
Ел сенімін еңбекпен ақтасын.
Кезеңдер
Сайыс төрт негізгі бөлімнен тұрады. Әр кезең қатысушылардың логикасын, жылдам ойлауын және командалық үйлесімін ашады.
1) Таныстыру
Әр топ өз атауын және ұранын айтады.
«Шах» тобының ұраны
Шахматты біз ойнаймыз,
Амал-тәсіл ойлаймыз.
Патшаға қауіп төндіріп,
Шах жасауды қоймаймыз.
«Мат» тобының ұраны
Жекпе-жекке түскенде,
Ұнатамын жеңгенді.
Жүрістердің төресі —
Матқа кім тең келеді!
2) «Бәйге» — викториналық сұрақтар
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
I топ — «Шах»
- 1. Шахмат ойынында қанша түрлі тас бар? (Пешкі, піл, ат, тура, уәзір, патша)
- 2. Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық спорт түрі қандай? (Тоғызқұмалақ)
- 3. Қай тас және қандай жағдайда басқа тасқа айнала алады? (Пешкі, қарсы жақтың соңғы қатарына жеткенде)
- 4. Шахмат тақтасында неше торкөз бар? (64)
- 5. Бильярдта шарды ұратын таяқ қалай аталады? (Кий)
II топ — «Мат»
- 6. Шахматтағы «пат» ұғымы нені білдіреді? (Тең ойын)
- 7. Қазақстандық шахмат жұлдыздарын атаңыз. (Динара, Жансая)
- 8. Тоғызқұмалақта неше тас, неше отау, неше қазан болады? (162 тас, 18 отау, 2 қазан)
- 9. Шахмат ойынының үш кезеңін атаңыз. (Дебют, миттельшпиль, эндшпиль)
- 10. Шахматтың тұмар белгісінде қандай фигура бейнеленеді? (Ат)
3) «Көкпар» — сұрақ-жауап
Көрнекі шахмат тақтасындағы тастардың астына жасырылған сұрақтар таңдалады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
- а) Шахмат ойынының басты мақсаты қандай? (Патшаға мат қою)
- ә) «Дебют» термині нені білдіреді? (Ойынның бастапқы кезеңі)
- б) Ат бұрышта тұрса, неше жүріс жасау мүмкіндігі бар? (2)
- в) Піл бұрышта тұрса, неше жүріс жасау мүмкіндігі бар? (1)
- г) Патшаға шабуыл қалай аталады? (Шах)
- ғ) «Миттельшпиль» ойынның қай кезеңіне жатады? (Ойынның ортаңғы кезеңі)
- д) Шахмат тастарының бастапқы орналасуын атаңыз. (Тура, ат, піл, уәзір, патша, піл, ат, тура; екінші қатарда пешкілер)
- е) Шахмат ойыны алғаш қай елде пайда болған? (Үндістанда)
4) «Жорға» — этюдті аяқтау
Әр топтан бір оқушыдан шығып, магнитті шахмат тақтасындағы қысқа этюдті жалғастырады. Барлығы 3 жұп қатысады. Жеңіске жеткен ойыншыға 5 ұпай беріледі.
Практика
Бұл кезеңде қатысушылар тактикалық ойлауды, есептеуді және бірнеше жүрісті алдын ала болжауды көрсетеді.
Шахмат жарысы
Әр топтан 5 ойыншыдан шығып, алдын ала дайындалған үстелдерде шахмат ойнайды. Ойын барысында уақыт шахмат сағаты арқылы өлшенеді.
Тәртіп
Ереже сақталады, жүріс мәдениеті қадағаланады.
Уақыт
Әр ойыншы уақытын тиімді басқаруы тиіс.
Нәтиже
Жеңімпаздар партия қорытындысы мен ұпайға сай анықталады.
Қорытындылау
Әділқазылар шешімі
Әділқазыларға сөз беріледі. Ұпай саны бойынша жеңген топ және шахмат сағаты арқылы іріктелген жеңімпаздар анықталып, марапатталады.
Тәрбиелік мәні
Шахмат — зейінді, шыдамдылықты және стратегиялық ойлауды дамытатын ойын. Бұл сайыс оқушылардың білімін бекітіп қана қоймай, командада жұмыс істеу мәдениетін нығайтады.
Жарыс десе өртеніп-жанып тұрар,
Сусындап сол жарыстан қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
«Кез келді!» деп өзін-өзі таныстырар.