Әскердегі ағаларына хат жазу

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы
«Әскердегі ағама». Жаттығу жұмысы
Сабақ түрі
Жаңа білім меңгерту
Оқыту әдісі
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ақпараттық-коммуникативтік әдістер
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, музыка, бейнелеу өнері
Көрнекілігі
Тақырыптық суреттер, хат үлгісі, тірек сөздер, бейнефильм, слайдтар

Сабақтың мақсаты

Оқушылар өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыланады; өлеңдегі негізгі ойды танып, өз пікірін дәлелді түрде жеткізуге үйренеді.

1) Мазмұнына байланысты

  • Мәнерлеп оқу машығы қалыптасады.
  • Өлең мазмұнына сай ойын ортаға салуға жаттығады.

2) Сын тұрғысынан ойлау

  • Өлең мазмұнына негізделген шығармашылық тапсырмалар арқылы ойлау икемі дамиды.
  • Шығармашылық деңгейін көтеруге бағытталған жаттығулар орындалады.

3) Топпен жұмыс

  • Патриоттық сезімге, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу.
  • Бірлесіп жұмыс істеу мәдениетін нығайту.

Сабақтың жүру барысы

I. Қызығушылықты ояту

Әнұранды хормен айту.

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Кім көп біледі?»

  1. Кім? кімдер? не? нелер? сұрақтары қандай сөздерге қойылады? Мысал келтір.
  2. Не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтары қандай сөздерге қойылады? Мысал келтір.
  3. Қандай? қай? қалай? сұрақтары қандай сөздерге қойылады? Мысал келтір.
  4. Қанша? неше? нешінші? сұрақтары қандай сөздерге қойылады? Мысал келтір.

III. Ой шақыру: сөзжұмбақ

Сұрақтар

  1. Қораз
  2. Уақыт мөлшері
  3. Су көлігі
  4. Төрт түліктің бірі
  5. Қатар

Жауаптар

  1. Әтеш
  2. Сағат
  3. Кеме
  4. Ешкі
  5. Рет

Шешуі

Әскер

«Әскер» деп Отанды қорғайтын, 18 жасқа толып әскери қызметте жүрген жауынгерді айтамыз.

IV. Мақсат қою кезеңі

Оянып таң сәріден,
Ол қаруын баптайды.
Соғысты емес, алдымен,
Бейбіт күнді жақтайды.

Сұрақ: «Бұл кім?»

Жауабы: әскер.

V. Мағынаны тану

Бүгінгі тақырып: «Әскердегі ағама».

А) Автор туралы мәлімет

Асқар Оразақын (16.05.1935 ж. туған, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей-Қаратас ауылы) — ақын. 1961 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1961–1995 жылдары ҚР ҒА Тарих, этнография және археология институтында, Қазақстан Жазушылар одағында, республикалық Мемлекеттік кітап палатасында, «Жалын» баспасында әртүрлі жауапты қызмет атқарған.

Жинақтары

«Тұңғыш» (1964), «Мейірім» (1969), «Күнгей» (1975), «Ләйла» (1977), «Көкорай» (1979), «Балқарағай» (1981), «Сәулет» (1984), «Таудай бол!» (1984), «Белжайлау» (1985), «Өркеш» (1987), «Керімсал» (1991), «Баркөрнеу» (1992), «Орбұлақ» (2000), «Тәуелсіздік тартулары» (2001).

Асқар Оразақын қазақтың қара өлең үлгілерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялаған.

Ә) Мәтінмен жұмыс

  • Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
  • Оқушылардың кезекпен мәнерлеп оқуы.
  • Сөздік жұмыс:

Солдат

әскер, жауынгер

Форма

әскер киімі

(Қазақстан Қарулы Күштерінің қызметі туралы бейнефильмнен үзінді көрсету.)

Б) Топтық шығармашылық жұмыс

А тобы

Әскердегі ағаларына хат жазу.

Ә тобы

Әскер ағасының суретін салу.

Б тобы

«Әскер» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Әскер

5 әріп = 2 дауысты + 3 дауыссыз

  • Дауысты: ә, е
  • Дауыссыз: с, к, р

В) Оқулықпен жұмыс

А тобы

182-жаттығу: кісі аттарын көшіріп жазу. Кісі аттары қандай әріптен басталып жазылады?

Ә тобы

183-жаттығу: «Бозторғай» мәтінін көшіріп жазу. Заттың атын білдіретін сөздердің астын сызу.

Б тобы

Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есімдерді тауып жазу:

  • Қиын — …
  • Қымбат — …
  • Терең — …
  • Толық — …
  • Ауыр — …
  • Жалпақ — …
  • Биік — …
  • Алыс — …

VI. Ой толғаныс

А) «Автор үстелі» тапсырмасы

  • Өлеңнің бірінші шумағында не туралы айтылған?
  • Екінші шумағында не айтылған?
  • Ағасының суретіне қарап, ол не туралы ойлады?
  • Ол өскенде кім болғысы келді?

Ә) Венн диаграммасы (салыстыру)

Інісі
Ұқсастығы
Ағасы
Оқушы
Ер бала
Әскер
Отбасы мүшесі
Ер
Азамат
Отан қорғаушы

Б) «Мақал жарыс» ойыны

  1. Отан үшін күрес — (ерге тиген үлес).
  2. Отанды сүю — (отбасынан басталады).
  3. Батыл болмай — (батыр болмас).

VII. Бағалау

«5» бағасы

Қызыл жұлдызша

«4» бағасы

Көк төртбұрыш

«3» бағасы

Сары дөңгелек

VIII. Үй тапсырмасы

«Әскердегі ағама» өлеңін жаттау.