Қызығушылықты ояту. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Сабақтың түрі

Сыни тұрғыдан ойлау

Сабақтың әдісі

СТО стратегиялары

Көрнекілігі

Кубизм, схема, бағалау парағы

Сабақтың мақсаты

  1. Тақырып бойынша алған білімді жүйелеу; жіктеу тәсілдеріне тоқталып, оларды қолдану.

  2. Оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге дағдыландыру.

  3. Білік-дағдыларын жетілдіру, өз бетімен ойлау қабілетін дамыту.

I. Қызығушылықты ояту

Төмендегі сұрақтар арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіріп, алдағы тақырыпқа берік негіз қалыптастырамыз.

1) Бірмүше дегеніміз не?

Санды және әріпті көбейткіштердің, сондай-ақ олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.

2) Ұқсас мүшелер дегеніміз не?

Әріпті бөлігі ортақ болып, бір-бірінен тек коэффициенті арқылы ғана айырмашылығы бар бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады.

3) Бірмүшелерге мысалдар келтіріңдер

2ху a5 3x2 3a2x3y abc

4) Көпмүше деп нені айтамыз?

Бірнеше бірмүшенің алгебралық қосындысы көпмүше деп аталады.

5) Көпмүшені біріктіру дегеніміз не?

Көпмүшелерді қосу кезінде барлық мүшелерді өз таңбаларымен тізбектеп жазып, кейін ұқсас мүшелерді біріктіру керек.

6) Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не?

Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосамыз.

7) Көпмүшені көпмүшеге көбейту дегеніміз не?

Бір көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, алынған көбейтінділерді қосу арқылы орындалады.

8) Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не?

Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін көпмүшенің әрбір мүшесін берілген бірмүшеге бөліп, шыққан нәтижелерді қосамыз.