Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану
Сабақтың тақырыбы
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану
Сілтеме
3-сыныпқа арналған оқулық, слайдтар, интернет ресурстары.
Негізгі идея
Аралас сабақ.
Мақсаты
- Көбейтудің қасиеттерін тиімді тәсілдер арқылы қолдана отырып, оқушылардың есептеу дағдыларын пысықтау, есеп шығару және өткенді қайталау.
- Көбейтудің қасиеттері мен амалдардың орындалу реті туралы білімдерін жетілдіру.
- Ой-өрісін кеңейту, жауапкершілікті сезіне отырып ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Қайталау және бекіту
Өткен материалды пысықтайды және қайталайды.
Сыни ойлау
Өзге пікір мен іс-әрекетке сыни тұрғыда баға беріп, тиімді шешім қабылдауға үйренеді.
Талдау және қолдану
Талдайды, қолданады және өз пікірін дәлелдейді.
Есептеу дағдылары
Көбейтудің қасиеттерін қолдану арқылы есептеуді жылдам әрі дәл орындайды.
Сабақ құрылымы
-
1) Ұйымдастыру
Кіріспе кезеңСыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және оқушыларды сабаққа бағыттау.
-
2) Сабақ барысы
Негізгі бөлімКөбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану, тапсырмалар орындау, өзара тексеру және қорытындылау.
-
3) Рефлексия
Кері байланысОқушылардың түсіну деңгейін анықтау, өз жұмысына баға беру және ой қорыту.
-
4) Үй тапсырмасы
ҚорытындыТақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар беру.