Пифагор теоремасыМақсаты:1 Оқушыларға жаңа сабақты меңгерту, теореманы дәлелдеу, есептер шығаруқолдана білуге үйрету

Сабақтың тақырыбы

Пифагор теоремасы.

Мақсаты

  1. Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту, теореманы дәлелдеуге және есептер шығару барысында қолдана білуге үйрету.
  2. Оқушылардың ойлау қабілетін, іскерлігін және пәнге деген қызығушылығын дамыту.
  3. Оқушыларды дәлдікке, сенімділікке, әдемілікке, өз ойын анық жеткізе білуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, мақсатты қысқаша хабарлау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша білімді анықтау, қателерді талдау.

3) Жаңа сабақ

Пифагор теоремасын түсіндіру, дәлелдеу және қолдану.

Пифагор теоремасы

Тікбұрышты үшбұрышта гипотенузаның квадраты катеттер квадраттарының қосындысына тең:

Формула

a2 + b2 = c2

Мұнда c — гипотенуза, ал a және b — катеттер.

Берілгені

△ABC — тікбұрышты үшбұрыш.