Мәтінге жоспар құруды үйрену
Сабақ тақырыбы мен мақсаты
Тақырыбы
Мәтін. Мәтінге жоспар құру.
Мақсаты
Мәтінге жоспар құруды үйрену.
Міндеттері
- Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.
- Сөздік қорды дамыту.
- Ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
АКТ, кластер, суреттер, ойындар.
Әдіс-тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері»
Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық.
4 пен 5-ке оқып сабақты,
Кілең бестік алайық.
II. Қайталау — білім анасы
1) Жұптық жұмыс
Дыбыстық талдау.
2) Ойын
«Ыстық орындық»
- Көбелек — жәндік.
- Оқушылар құстарға ұя жасады.
- Мен екінші сыныпта оқимын.
- Бұғы — сиырға ұқсас жануар.
- Көмір — түсі қара тас. Алайда оның пайдасы өте мол, сондықтан халқымыз оны «қара алтын» деп те атайды.
3) Топтастыру
«Мәтін» сөзіне кластер құру.
III. Оқулықпен жұмыс
141-жаттығу
- Мәтінді түсініп оқу.
- Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап оқу.
Назар аударатын тұс
Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойы үйлесуі керек. Тақырыпқа қатысы жоқ сөйлемдер мәтіннің тұтастығын бұзады.
IV. Сергіту сәті
Балалар биі.
V. Топпен жұмыс
Мәтінге жоспар құру. Екі топ жоспар дайындайды:
I топ
Иттің пайдасы
II топ
Иттің зияны
Жоспар құру кезінде әр бөлімнің атауы қысқа, нақты және тақырыпқа сай болуы тиіс. Бөлімдер бірізділікпен орналасады.
Қорытынды бөлім: «Он сұрақ»
Оқушылар төмендегі тұжырымдарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
- «Б» — қатаң дауыссыз дыбыс. (иә/жоқ)
- Дауыссыз дыбыстар төртке бөлінеді. (иә/жоқ)
- Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді. (иә/жоқ)
- «Сия» сөзінде үш дыбыс бар. (иә/жоқ)
- Заттың қимылын білдіретін сөздерге «не істеді?», «қайтті?» деген сұрақтар қойылады. (иә/жоқ)
- «Боя» сөзін тасымалдауға болады. (иә/жоқ)
- Сөйлем сөзден құралады. (иә/жоқ)
- Сөйлем бас әріптен басталып жазылады. (иә/жоқ)
- Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. (иә/жоқ)
- Заттың атын білдіретін сөздер «кім?», «кімдер?», «не?», «нелер?» деген сұрақтарға жауап береді. (иә/жоқ)