Тынық мұхитынан кейінгі үлкені Атлант мұхиты

Біріктірілген сыныптарға арналған география сабағының жоспары

Сабақ тақырыптары

  • 5-сынып: §21. Мұхиттар
  • 6-сынып: §21. Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

Сабақ түрі

Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс

Математика, биология.

Көрнекіліктер

  • Қосымша оқулықтар
  • Карта
  • Суреттер және басқа материалдар

Сабақтың мақсаттары

I. Білімділік

5-сынып: Жер бетінің 3/4 бөлігін алып жатқан дүниежүзілік мұхиттар туралы түсінік қалыптастыру; олардың маңызы, түрлері, ерекшеліктері және орналасу жағдайларын түсіндіру арқылы білімін кеңейту.

6-сынып: Қазақстан Республикасының орманды дала және дала зоналары туралы түсінік беру; олардың орналасу ерекшеліктері, маңызы, түрлері және негізгі белгілерін түсіндіру арқылы білімін арттыру.

II. Дамытушылық

Пәнге қызығушылығын арттыру, өзіндік көзқарасын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру және білімді қолдану дағдыларын дамыту.

III. Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; үлкенді сыйлап, кішілерге өнеге көрсетуге баулу; Отанын, елін, жерін сүюге бағыттау.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, қатысымын тексеру, назарын шоғырландыру.

II. Өткенді қайталау (5-сынып)

Үй тапсырмасы: сұрақтар

  1. 1 Судың қандай қасиеттері бар?
  2. 2 Табиғатта су қандай жағдайда қатты, сұйық және бу күйінде болады?
  3. 3 «Сусыз тіршілік жоқ» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
  4. 4 Су көлемін өзгерте ме? Қандай жағдайларда?
  5. 5 Шыны стақанға қандай суды құюға болмайды? Неліктен?
  6. 6 Гидросфера дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ (5-сынып): §21. Мұхиттар

Ой қозғау

  • Неліктен мұхиттарды Дүниежүзілік мұхит деп атайды?
  • Мұхит суы ішуге жарамды ма? Неліктен?

Негізгі анықтама

Материктердің аралығында орналасқан өте үлкен сулы алқаптарды мұхит деп атаймыз. Дүниежүзілік мұхитты материктер шартты түрде төртке бөледі: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.

Тынық мұхиты

Жер бетінің шамамен 1/3 бөлігін алып жатқан ең ірі мұхит. Ауданы мен көлемі жағынан да, тереңдігі жағынан да басқа мұхиттардың бәрінен алда.

  • Ең терең жері: Мариан шұңғымасы11 022 м.
  • Орташа тереңдігі: 4 000 м.
  • Аралдар саны ең көп мұхит.

Су температурасы экватор маңында +26…+29°C, поляр аймақтарында шамамен −0,5°C. Орташа температурасы Атлант пен Үнді мұхиттарына қарағанда 2°C-қа жоғары.

Мұнда ұзындығы 30 м-ге жететін киттер, 15 м-ге дейінгі акулалар, сондай-ақ балдырлардың сан алуан түрлері кездеседі. Кейбір қоңыр балдырлар 60 м-ге дейін өседі.

Мұхиттың көлік қатынасындағы рөлі зор: су жолдары арқылы дүниежүзілік теңіз қатынасының негізгі бағыттары өтеді.

Атлант мұхиты

Тынық мұхитынан кейінгі екінші үлкен мұхит. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып, солтүстік және оңтүстік поляр облыстарын байланыстырады.

  • Ең терең жері: Пуэрто-Рико шұңғымасы8 742 м.
  • Дүниежүзінің көптеген өзендері осы мұхитқа құяды.
  • Балық ресурсы мол: дүниежүзілік балық аулаудың шамамен 40%-ы осы мұхитқа тиесілі.
  • Балық аулау кәсібімен 115 мемлекет айналысады.

Үнді мұхиты

Үшінші мұхит. Негізгі бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Тынық және Атлант мұхиттарымен салыстырғанда аралдары мен мұхиттық теңіздері салыстырмалы түрде аз.

  • Ең терең жері: Зонд шұңғымасы7 209 м.
  • Кейбір аймақтарда су температурасы +20°C-тан жоғары.
  • Тұздылығы шамамен 36,5‰, ал Қызыл теңізде 41‰-ке дейін жетеді.

Солтүстік Мұзды мұхиты

Ауданы жағынан ең кішісі. Негізгі бөлігі поляр шеңберінің солтүстігінде орналасқан. Көптеген аралдары бар. Салыстырмалы түрде суы тұщылау, әрі мұз жамылғысы басым болғандықтан суық мұхитқа жатады.

  • Ең терең жері: 5 527 м.
  • Мұхитқа суы мол өзендер құяды: Обь, Енисей, Лена, Хатанга, Печора, Маккензи және т.б.