Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясына қызметке келді деп хабарлайды федерациясының баспасөз қызметі

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясында вице-президент міндетін атқарушы болып тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі Айсұлтан Назарбаевтың федерациядағы қызметке келгенін хабарлады. Ол Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті атанды.

Ресми мәлімдеме

«2017 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және ұлттық қауымдастықтармен байланыс бойынша вице-президент міндетін атқарушы қызметіне Айсұлтан Назарбаев тағайындалды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Айсұлтан Назарбаевқа дейін бұл қызметті Сейілда Байшақов атқарған.

Дереккөз: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі
ҚФФ ФИФА УЕФА