Отан туралы оқушыларда жақсы түсінік қалыптастыру, Отан сөзінің мәнін түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Ж. Смақовтың «Отан» өлеңінің мазмұнын меңгерту, ақын туралы мағлұмат беру, «Отан» сөзінің мәнін ашу.
Дамытушылық
Сөзжұмбақ пен топтық тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту, теңеу табу дағдысын жетілдіру, сөздік қорды молайту.
Тәрбиелік
Отанды қорғауға, достықты берік ұстауға, табиғатты аялауға, бір-біріне ізгі тілек айтуға, ауызбіршілік пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Жылы атмосфера- Оқушыларды ортаға жинап, «Шаттық шеңберін» құру.
- Шеңберде хормен Отан әнін орындау.
- Оқушыларды топтарға бөлу.
II. Негізгі бөлім
Белсенді оқуТоп атауларын анықтау (сұрақ арқылы)
1-топ
Ұлттардың бірлігі мен татулығы — Достық
«Достық» тобы
2-топ
Мемлекеттік рәміздердің бірі — Елтаңба
«Елтаңба» тобы
3-топ
Ұлттың аты — Қазақ
«Қазақ» тобы
4-топ
Сені өмірге әкелген мейірімді жан — Ана
«Ана» тобы
Сабақ ережелері
- 1 Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз.
- 2 Нақты әрі дәл жауап береміз.
- 3 Тапқырлығымыз бен шапшаңдығымызды көрсетеміз.
- 4 Белсенді қатысып, жақсы нәтижеге ұмтыламыз.
Сөзжұмбақ арқылы кіріспе
Сөзжұмбақтағы тігінен белгіленген қоңыр торкөздерді біріктіріп оқығанда шығатын негізгі сөз:
Жауабы
Отан
Талқылау: «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Өткен сабақпен байланыс
-
Өткен сабақта Отан туралы қандай әңгімені талқыладық?
«Қартқожа»
-
Авторы кім?
Ж. Аймауытов
- Суретпен жұмыс: сұрақтар арқылы тақырыпқа шығу.
Жаңа тақырып: Ж. Смақовтың «Отан» өлеңі
Оқулықпен жұмыс
Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
Дәптермен жұмыс
Әр топ берілген тақырып бойынша көркем сөздер мен теңеулерді табады, ақылдасып дәптерге жазады.
Топтық тапсырмалар
Тапқан сөздерді бір-біріне оқып, пікір алмасады.
Достық тобы
Отанға қатысты көркем сөздерді табу
Елтаңба тобы
Аспанға қатысты көркем сөздерді табу
Қазақ тобы
Тауға қатысты көркем сөздерді табу
Ана тобы
Гүлге қатысты көркем сөздерді табу
Ойын: «Сиқырлы қалпақ»
Ереже: қалпақ кімге түссе, сол оқушы тапсырманы орындайды және «Отан деген не?» сұрағына қатысты сөздермен жауапты толықтырады.
Тірек сөз
Тәуелсіз Қазақстан
Тірек сөз
Өлке
Тірек сөз
Туған бауыр
Тірек сөз
Табиғат
Тірек сөз
Мөп-мөлдір аспан
Тірек сөз
Туған жер, ана
III. Қорытынды бөлім
РефлексияҮй тапсырмасы
- Өлеңді түсініп оқып, ақынның Отанды неге теңегенін анықтау.
- «Отан» өлеңін жаттау.
- Отан туралы шағын әңгіме құрастыру.
Бағалау және кері байланыс
Әр топ өзге топтардың сабаққа қатысуын бағалайды. Мұғалім қорытынды жасайды.
Бекіту
Оқушылар шеңбер бойына тұрып, бүгінгі сабақтан алған әсері мен ұсыныс-тілектерін ортаға салады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Балалар, бүгінгі сабаққа белсенді қатысып, шеберліктеріңді, достықтарыңды және тапқырлықтарыңды көрсеттіңдер. «Отансыз адам — ормансыз бұлбұл» дегендей, әр адамның өз Отанының болғаны қымбат. Біздің тәуелсіз Отанымыздың болашағы — сендер. Білімді, әдепті болып өсіңдер. Отанымызды қорғайық, аман болайық.