Слайдтарды көрсету

Қызылорда облысы • Жаңақорған ауданы

№3 мектеп-интернаты

Информатика пәні мұғалімі: Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы

Сынып: 10 Түрі: дәстүрлі – практикалық Типі: жаңа білімді игерту

Сабақтың тақырыбы

Microsoft PowerPoint терезесінің интерфейсі және оның өзгерістері

Бұл сабақта оқушылар PowerPoint бағдарламасын іске қосу тәсілдерін, терезе элементтерін және негізгі көру режимдерін меңгереді.

Пәнаралық байланыс

  • Орыс тілі, қазақ тілі
  • Сурет, музыка

Оқыту формалары

Жеке Топтық

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Microsoft PowerPoint бағдарламасын іске қосу жолдарын және оның негізгі компоненттерін ажырата білуді үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін, сабаққа деген ынтасын дамыту және PowerPoint бағдарламасына қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

PowerPoint терезесін қолдануда сауаттылыққа, ұқыптылыққа, компьютерлік мәдениетке және жылдам жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы (минуттық жоспар)

I. Ұйымдастыру бөлімі

2 мин
  • Ұжымдық әрекет
  • Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау
  • Қауіпсіздік техникасы ережелерін (ҚТЕ) еске түсіру
  • Жұмыс дәптерін толтыру

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Бізден сұрақ — сізден жауап»

11 мин

Тапсырмалар

  • Оқулықтағы үйге берілген параграфты түсіндіріп айту (кезекпен жалғастырып баяндау).
  • Мұғалім дайындаған сұрақтарға жауап беру.
  • Практикалық жұмыстар орындау.
  • Компьютер ұсынған сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар тізімі

  1. Программалау тілі дегеніміз не?
  2. Интерпретатор дегеніміз не?
  3. «Презентация» ұғымының толық мағынасы қандай?
  4. PowerPoint-тің қандай мүмкіндіктерін білесің?
  5. Графикалық пакеттер дегеніміз не?
  6. Microsoft Office PowerPoint бағдарламасын іске қосудың бірнеше жолын көрсет.
  7. Компьютердегі күн мен уақытты өзгерт.
  8. Тақырып жолындағы «Бастау» мәзірін «Меню Пуск» түрінен «Классическое меню Пуск» түріне ауыстыр.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

15 мин

MS Office қосымшаларының негізгі артықшылығы — интерфейстің бірізділігі. Осы себепті PowerPoint интерфейсі операциялық жүйе үшін үлгі (стандарт) ретінде қабылданады.

PowerPoint-ті іске қосу тәсілдері

  • Мәзір арқылы: Пуск → Программы → Microsoft PowerPoint
  • Тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы: Создать → Презентация Microsoft PowerPoint

Бағдарламаны ашқанда презентацияны әртүрлі әдіспен дайындауға арналған ұсыныстар көрсетілетін диалогтық терезе пайда болуы мүмкін.

PowerPoint терезесінің негізгі элементтері

  • Тақырып жолағы — Windows терезелері үшін стандартты элемент.
  • Мәзір жолағы — тақырып жолағының астында орналасады.
  • Құралдар панелі — әдетте «Стандартная» және «Форматирование» панельдері көрінеді.
  • Жұмыс аумағы — құжат көрсетілетін және өңделетін өріс; оң жақта айналдыру жолағы бар.
  • Жағдай жолағы — көру режимі, слайд саны, тіл және өзге параметрлер туралы ақпарат береді.

Маңызды айырмашылық

Word немесе Excel бағдарламаларымен салыстырғанда, PowerPoint-та айналдыру жүгірткісі бір слайд ішіндегі мәтін бойынша ғана емес, слайдтан слайдқа ауысуға да мүмкіндік береді.

Мәзір жолағының бөлімдері

1) Файл

MS Office стандартты мәзірі: файлмен жұмыс, жіберу, презентацияны Word-қа жөнелту және т.б.

2) Түзету

Болдырмау, қиып алу, көшіру, кірістіру, табу, алмастыру, байланыс орнату, объектіні өңдеу.

3) Көрініс

Көру режимін таңдау, панельдерді басқару, бағыттауыштар, масштаб, үлгілер және жазбалар.

4) Кірістіру

Күн/уақыт, диаграмма, кесте, дыбыс, бейне және басқа объектілерді қосу.

5) Пішім

Қаріп, туралау, интервал, тізім маркерлері, фон, түстер схемасы, безендіру шаблондары.

6) Сервис

MS Office әдеттегі құралдары және PowerPoint-ке тән командалар.

7) Слайдтарды көрсету

Анимация, ауысу әсерлері, көрсету параметрлері, проекторлар шебері.

8) Терезе

Слайд терезесінің параметрлерін басқару.

9) Анықтама

Көмек жүйесін және Көмекшіні шақыру.

Негізгі көру режимдері

PowerPoint интерфейсінің ерекшелігі — құжаттың жұмыс үстелінде арнайы бейнелену режимдерінің болуы. Төрт негізгі режим қолданылады:

  1. Әдеттегі
  2. Құрылымдық
  3. Слайдтар
  4. Слайдтарды сорттаушы

Слайдтарды сорттаушы режимі

Бұл режимде слайдтар эскиз түрінде бүкіл жұмыс аймағында көрсетіледі. Әр слайд астында ауысу параметрлері, анимация және кадр экспозиция уақытына қатысты белгілер көрінуі мүмкін. Контекстік мәзір және құралдар панелі де осы режимге сәйкес өзгереді.

Толық экранды көрсету

«Слайдты көрсету» режиміне ауысқанда презентация толық экранда таңдалған слайдтан басталады. Көрсетуді кез келген уақытта Esc пернесі арқылы аяқтауға болады.

IV. Сабақты бекіту: «Ойға білімдік шабуыл»

7 мин

Практикалық бөлім компьютерлер бойынша тапсырмалар арқылы орындалады.

1-компьютер

Жаңа тақырып бойынша «Өзіндік мысалдар» көрсету.

2-компьютер

PowerPoint терезесі қандай элементтерден тұратынын көркемдеп жазу.

3-компьютер

Жұмыс үстеліндегі SIN_kaz бағдарламасының «PowerPoint-та жұмыс істеу, көрмелерді әзірлеу» тарауынан 1–2–3-тапсырмаларды орындау.

4-компьютер

Мәзір жолағының элементтерін көркемдеп жазу.

5-компьютер

Жаңа тақырып бойынша «Өзіндік мысалдар» көрсету.

6-компьютер

SIN_kaz бағдарламасынан 4–5–6-тапсырмаларды орындау.

7-компьютер

Әдебиет пәнінен өтілген бір шумақ өлеңді PowerPoint-та көркемдеп теру.

8-компьютер

Жаңа тақырып бойынша «Өзіндік мысалдар» көрсету.

V. Қорытындылау: «Сұрау — қорытындылау»

6 мин
  • Сабақта қандай мәселе басты болды?

    Жауапты бірнеше оқушы бере алады.

  • Не қызық болды?

    Жауапты бірнеше оқушы бере алады.

  • Қандай жаңалықпен таныстыңдар?

    Жауапты бірнеше оқушы бере алады.

  • Нені үйрендіңдер?

    Жауапты бірнеше оқушы бере алады.

VI. Бағалау

2 мин

Оқушылардың жауаптары мен практикалық жұмыстары негізінде бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

2 мин

Оқу, шығармашылық және болашаққа бағытталған тапсырмалар беріледі.

Үйге тапсырма (толық)

  1. Мазмұнды тапсырма: 10-сынып оқулығынан 1.6.2 тақырыпты оқу және конспект жасау.
  2. Ерекше тапсырма: Алдағы 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне және Жаңа 2013 жылға байланысты слайд дайындап келу.
  3. Шығармашылық жұмыс (болашаққа): Көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және видеосабақтар әзірлеу.