Натурал сандарды жазылуы бойынша салыстыру

Натурал сандарды әртүрлі тәсілдермен салыстыруға болады. Бұл сабақта көптаңбалы натурал сандарды салыстырудың негізгі жолдары қайталанады және бекітіледі.

Сабақ мақсаты

Жаңа білім

Оқушылар көптаңбалы натурал сандарды салыстыру тәсілдерімен танысады, координаталық сәулені қолдануды және қос теңсіздікті координаталық сәуледе кескіндеуді үйренеді.

Жаңа түсінік

Көптаңбалы натурал сандарды салыстыру белгілерін дұрыс қолданады және оқиды, сондай-ақ сандарды координаталық сәуледе салыстырады.

Қолданым әрекеті

Бір натурал санды екі санмен қатар салыстырғанда, оны қос теңсіздік түрінде дұрыс оқып, жазуды меңгереді.

Шығармашылық әрекет

Натурал сандарды салыстырудың өмірдегі және оқу үдерісіндегі маңызын қорытындылайды.

I

Натурал сандарды санауы бойынша салыстыру

Анықтама

Екі натурал санды санағанда, өсу ретімен алғаш айтылған сан — кіші, ал кейін айтылған сан — үлкен болады.

Тапсырма

Өз мысалдарыңды келтіріңдер: екі санды санау арқылы қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін анықтаңдар.

II

Натурал сандарды жазылуы бойынша салыстыру

Анықтама 1 (разряд саны бойынша)

Екі натурал санның ішінде разряд саны көп болған сан — үлкен, ал разряд саны аз болған сан — кіші болады.

Мысал

Салыстыру:

101 > 99

Себебі 101 санында 3 разряд, ал 99 санында 2 разряд бар. Демек, 101 санының разрядтар саны 99 санынікінен көп.

Анықтама 2 (разрядтары бірдей болғанда)

Разрядтары бірдей екі натурал санды салыстырғанда, солдан оңға қарай бірдей разрядтағы цифрларды салыстырамыз: қай санның сол разрядтағы цифры үлкен болса, сол сан үлкен болады.

Қорытынды

Натурал сандарды салыстыру — есеп шығаруда, теңсіздіктерді оқуда және координаталық сәулемен жұмыс жасауда қажет негізгі дағдылардың бірі.