Милләтке қызмет, Бәріңе міндет

Ахмет Байтұрсынов

Аманбыз, жезде,
Солай ма сізде?
Амандаспақ — жол, әдет.

Тағзымға — тағзым,
Назымға — назым
Тілеушілік — ол әдеп.

Жолдан мен де шықпаймын,
Сөзбен сыйлап мықтаймын.

Жолға сіз көсем,
Сөзге һәм шешен,
Оның менде бірі жоқ!

Іздемей жоғын,
Шайқамай тоғын,
Қарап жатқан тірі жоқ.

Мен де соның бірімін,
Өлгенім жоқ, тірімін.

Ағаның ақыл,
Айтқаны мақұл,
Жаны ашыған жақындық.

Мен жазған кеңес,
Мақтаныш емес,
Ат шығармақ ақындық.

Ер батқанда — жорғалық,
Молда жоқта — молдалық!

Байқасақ, жезде,
Бауыздар кезде,
Үн шығу бар емес пе!

Үндемей өлсек,
Сүйекпен көмсек,
Кейінгілер демес те?!

Лақ құрлы бақырмай,
Өлген екен, апырым - ай!

Милләтке қызмет,
Бәріңе міндет.
Деп айтасыз өзіңіз.

Милләттен безу,
Әйтпесе төзу,
Шын болса сол сөзіңіз.

Кей іс шарты құрбанмен.
Болмас қорқып тұрғанмен.

Мен бұқтым — жаттым,
Сен бұқтың — жаттың,
Кім істемек қызмет?!

Ауызбен айтып,
Істерге қайтіп,
Жоламасақ не міндет.

Тек жүрсе, тоқ жүрмекті,
Қиын дей ме білмекті.
Жездеке, солай,
Кермессіз қолай
Жан сақтаудың ебіне.

Айтпайтын жыр бар,
Ашпайтын сыр бар
Тымақтының көбіне.

Сізге жаздым ұғар деп,
Тымағы жоқ шығар деп.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны



Ұқсас жұмыстар

Ш.Жәңгіровтың мен Ғ.Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы
Ж.аймауытов шығармашылығы. ғ.қарашев шығармашылығы. б.күлеев - лирик ақын. с.сейфуллин, і.жансүгіров, б.майлин шығармашылықтары
Қазақ зиялылары қазақ тілінің мәртебесі жайында
Құқық түснігі,мәні құндылығы
Құқықтық түсінігі және мәні. Құқықтың материалистік теориясы
Өзін-өзі тану пәнін оқытудың шарттары
Коронавирус пандемиясының Қазақстан экономикасына деген әсерлерін анықтау
Өзін-өзі тану пәнін интеграциялаудың ерекшеліктері
Сабақ оқытудың негізгі түрі, қазіргі сабақтың құрылымы
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі
Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі
Екінші деңгейлі банк клиенттеріне есеп-кассалық қызмет көрсетулер
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар
Еңбекақыны есептеудегі аудиттің мақсаты мен міндеттері
Фирманың маркетинг қызметіндегі баға және баға саясаты ЖШС «Adramit Akros» мысалында