Балалармен әңгімелесіп

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Озерный ауылы, Озерный орта мектебі

Шағын орталық тобының тәрбиешісі: Балшикбаева Ақнұр Хасенқызы

Ертеңгіліктің тақырыбы

1 Мамыр Достық Бірлік Ынтымақ

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен балалар! Сіздерді 1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз бекер айтылмаған. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді.

Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін. Қазақ халқы — қонақжай халық: келген қонағын қуана қарсы алады. Ендеше бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді бастайық.

Сахналық көрініс: «Ұсқынсыз үйрек»

Ортаға «Ботақан» тобы шақырылады. Жүргізуші балалармен қысқаша әңгімелеседі.

Біреу есік қағады. «Бұл кім болды екен?» — деп жүргізуші таңырқайды. Қонақ кіреді: ол — Ұсқынсыз үйрек. Барлығымен амандасып, төрге жайғасады.

Тақпақтар

Эвелина

Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба?
Қоңырсың ба? — жатырқуды білмейтін.

Бекзат

Қазақстан төрінде күн нұрын төксін,
Жерінде жұпар иісті гүлі сепсін!

Гүлдана

Алтын дәмді даламыз бай болсын,
Ақ күмістей қаламыз көп болсын!

Жанболат

Бұзылмасын сәніміз,
Барлық ұлттар бірлесіп Қазақстан жерінде
Жасасын той, мереке!

Нина

Веселый праздник — Первомай!
По всей стране идет.
Танцуй и пой — не отставай!

Миша

Всех друзей встречаем,
Здоровья всем желаем,
Чтобы каждый день
Было весело нам всем!

Аида

Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таң.

Кирилл

Солнечный май,
Радостный май,
Песенку слушай —
Привет принимай!

Самат

Достық — шырағымыз,
Достық — ұранымыз.

Айнура

Достық — туымыз,
Достық — әніміз.

Санжар

Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.

Қазбек

Жалауымда — нұрлы күн,
Нұрын шашып тұр бүгін.
Паш етеді ол халқымның
Ынтымағын, бірлігін!

Тамирлан

Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан —
Бірлік асыл мұрамыз.

Ән мәтіндері

Ән: «Қуыршақ»

Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды Әмір беріп бұйырсақ. Қуыршақтар ұйықтайды, Айтқанымнан шықпайды. Ал қозы мен құлыншақ «Ұйықта» десең ұқпайды. Тыңдамайды ұрысса — Осылары дұрыс па? Тентектігін қоймаса, Тұрғызамыз бұрышқа.

Ән: «Достар»

Ақпыз, қарамыз, сарымыз — Татумыз біз бәріміз. Достық жайлы ән салып, Шырқатайық қане біз! Жүзімізге қараңыз — Бал-бұл жанған баламыз. Бізге қымбат күн шуақ, Бізге қымбат анамыз! Күннің нұрын сүйеміз, Қырдың гүлін сүйеміз. Бізді ойнатып, мәпелеп, Күлдіргенін сүйеміз. Балдырғанбыз арай жүз, Бал-бұл жанып қараймыз. Ойыншықтар біздерде Көп болғанын қалаймыз!

Шарықтау сәті: достықтың күші

Ұсқынсыз үйректің сөзі

Рақмет сендерге, балалар! Мен достықтың не үшін керек екенін түсіндім. Сендердің үлкен махаббаттарыңның арқасында мен әдемі, сүйкімді үйрекке айналдым.

«Жүректен жүрекке» рәсімі

Анасы ортаға шығып, шаңыраққа лента байлайды. Қолына жүрек ұстап, «Жүректен жүрекке» деп өз шаңырағына ақ тілегін арнайды.

Қорытынды сөз

Жүргізуші: Осымен 1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рақмет! Сау болыңыздар!