Топ басшыларын таңдау
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, №4 орта мектеп
Пән мұғалімі
Ермағамбетова Салтанат Ондасыновна
Сынып
6-сынып
Сабақ түрі
Қорытындылау сабағы
Сабақ тақырыбы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Білімділік мақсаты
Оқушылардың бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылық мақсаты
Теңдеуді шешу барысында жылдам ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты
Бір-бірін тыңдауға, әр пікірді құрметтеуге тәрбиелеу; ұжымда және шағын топта жұмыс істеуге үйрету.
Көрнекілігі
Плакат, слайд, үлестірме қағаздар
Оқыту әдістері
Түсіндіру әдісі, жеке оқушымен жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Оқушыларды Дымбілместің кітаптарының түсі бойынша топқа бөлу.
- Топ басшыларын сайлау.
- Дымбілмеспен таныстырып, оған біздің көмегіміз қажет екенін айту.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Интерактивті тақтада үй тапсырмасының дұрыс жауаптары көрсетіледі. Әр топ басшысы сол жауапқа сүйеніп, өз тобының мүшелерінің жұмыстарын тексеріп, жетістіктері мен кемшіліктерін атап өтеді.
№ 880
Бірінші жүйектегі бүлдірген түптерінің саны екінші жүйектегіден 2,5 есе көп. Бірінші жүйектен 12 түп алып, екінші жүйекке отырғызғанда, екі жүйектегі түп саны тең болды. Алғашқыда екінші жүйекте неше түп болды?
2,5x − 12 = x + 12
2,5x − x = 12 + 12
1,5x = 24
x = 16
№ 881
Бастапқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. Бірінші сөреден 18 кітапты алып, екінші сөреге қойғаннан кейін екінші сөредегі кітап саны бірінші сөредегіден 3 есе артық болды. Әр сөреге бастапқыда неше кітаптан қойылған?
(x − 18) · 3 = x + 18
3x − 54 = x + 18
2x = 72
x = 36
III. Топпен жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)
Әр топқа 3 есептен беріледі (теңдеулер және мәтіндік тапсырмалар). Топтық жұмыс арқылы есептерді шығарып, Дымбілмеске көмектесеміз. Тапсырмалар бойынша:
- коэффициент пен бос мүшенің қасиеттерін айту;
- шешу алгоритмін түсіндіру;
- мәтіндік есептерге теңдеу құрып, шешімін қорғау.
а) Теңдеулер
1-топ
2x − 5 = 2(x + 0,5)
2-топ
3,5(2x − 1) = 3x − 3,5
3-топ
4,2(x − 1) = 0,2(x + 4)
б) Теңдеулер
1-топ
33(0,1x + 1) = 4 − 6,7x
2-топ
63x − 13,7 = 13(0,1 + 5x)
3-топ
38(0,1x + 1) = 40 − 3,2x
в) Мәтіндік есептер
1-топ
Бірінші бассейнде 1600 м3, екінші бассейнде 1215 м3 су бар. Бірінші бассейннен сағатына 65 м3 су сорылып сыртқа ағызылды, ал екінші бассейнге сағатына 45 м3 су құйылды. Екі насос бір уақытта іске қосылса, неше сағаттан кейін екі бассейндегі су көлемі теңеседі?
2-топ
Екі пойыз А станциясынан қарама-қарсы бағытта жүріп барады. Біріншісі А станциясынан 70,5 км, екіншісі 56,75 км қашықтықта. Бірінші пойыздың жылдамдығы 57 км/сағ, екіншісінікі 62,5 км/сағ. Неше сағаттан соң екі пойыз А станциясынан бірдей қашықтықта болады?
3-топ
Теруші шығарманы 3 күн терді. Бірінші күні шығарманың 40%-ын терді, екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні теруге шығарманың 25%-ы қалды. Шығарма неше бет болған?
IV. Тест тапсырмалары (ауызша)
-
1) Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар теңдеу деп атайды?
Жауап: ax = b түріндегі теңдеу.
-
2) x + 2,7 = 3 теңдеуінің шешімі қандай?
Жауап: x = 0,3.
-
3) Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
Жауап: түбірлері бірдей немесе екеуінде де түбірі жоқ теңдеулер.
-
4) x − 0,6 = 1,4 теңдеуінің шешімі қандай?
Жауап: x = 2.
-
5) Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
Жауап: айнымалының теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәні.
-
6) 2x − 5 = x − 1 теңдеуінің шешімі қандай?
Жауап: x = 4.
-
7) Теңдеуді шешу дегеніміз не?
Жауап: оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлері жоқ екенін дәлелдеу.
-
8) 6x + 7 = 25 теңдеуінің шешімі қандай?
Жауап: x = 3.
-
9) Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
- Теңдеудің екі жағына бірдей санды қосқанда (немесе азайтқанда) мәндес теңдеу шығады.
- Теңдеудің екі жағын нөлден өзге бірдей санға көбейткенде (немесе бөлгенде) мәндес теңдеу шығады.
V. Дұрыс жауабын тап (пәнаралық байланыс)
Берілген теңдеулерді шешіп, табылған мәнге сәйкес дұрыс жауапты таңдаңдар.
Теңдеу 1
3x − 1 = 2(x − 2)
Теңдеу 2
3(x + 5) = 7 − 5x
Нұсқаулық
Әр сұрақта жауап нұсқаларына сәйкес x мәні берілген. Өз шешіміңмен сәйкестендір.
Тарих
Желтоқсан оқиғасының басты тұлғасы Қайрат Рысқұлбековке кейін қандай атақ берілді?
- а) Халық батыры — x = −15,3
- ә) Ұлттық батыр — x = 9,2
- б) Халық қаһарманы — x = −3
Математика тарихы
Қазақтан шыққан тұңғыш математик кім?
- 1) Жұмаділдаев — x = −8,8
- 2) Жәутіков — x = −1
- 3) Елубаев — x = 3,6
Қазақ тілі
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылатын сөздер қалай аталады?
- а) Омоним — x = −1,4
- ә) Антоним — x = 5
- б) Синоним — x = 5,6
VI. Сөзжұмбақ
Сөзжұмбақ сұрақтары:
- Тақ цифрмен аяқталатын сандар.
- Құрамында мәнін табу қажет болатын әрпі бар теңдік.
- Бөлгіштерінің саны екіден көп сандар.
- 1-ге және өзіне бөлінетін сандар.
- Шеңбер бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді.
- a/b бөлшегінің ... (толықтыру).
VII. Сабақты қорытындылау және бағалау
Топ ішінде және жеке есеп шығаруда белсенділік танытқан оқушылар бағаланады. Сабақ соңында негізгі ұғымдар қысқаша қайталанып, қорытынды жасалады.
VIII. Үй тапсырмасы
№ 888–889 есептер.
Есептердің шығару жолдарына қысқаша түсініктеме беріледі.