Екі қол белде өкшемен жүру
Атырау облысы білім беру басқармасы • Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі
Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы: Нұрлан Альжанов
Тақырып: Баскетбол — жылдамдықты арттыру
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға баскетбол ойынының негізгі элементтерін үйрету.
Тәрбиелік
Еңбексүйгіштікке, өзара қолдауға және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жаттығуларды дұрыс орындауға дағдыландыру, оқушылардың жылдамдығы мен шыдамдылығын дамыту.
Сабақтың ұйымдастырылуы
Сабақтың типі
Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың түрі
Жеке және жалпы жұмыс, жан-жақты түсіндіру, ойын элементтері бар сабақ.
Сабақтың әдісі
Жеке және топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс
Физика, биология.
Құрал-жабдықтар
- Ысқырғыш
- Баскетбол доптары
- Себет
- Кедергілер
- Орындықтар
- Секундомер және т.б.
Сабақтың жүрісі
Ұйымдастыру кезеңі
- Студенттерді сапқа тұрғызу.
- Топ құрамын түгелдеу.
- Мәлімдемені қабылдау.
- Жаңа сабақ бойынша баскетбол ойыны туралы қысқаша мәлімет беру.
Бастапқы қимыл-қозғалыстар
Оңға, солға және кері бұрылу жаттығуларын орындау.
Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
-
1. Қолды жоғары ұстап, аяқ ұшымен жүру.
-
2. Екі қол белде, өкшемен жүру.
-
3. Екі қол белде, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
-
4. Бірқалыпты, жеңіл жүгіру.
-
5. Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.
-
6. Арқамен алға қозғалып, оң иық арқылы қарап жүру.
-
7. Алға созылған алақанға екі тізені тигізе жүгіру.
-
8. Алақанға аяқтың ішкі және сыртқы қырын тигізе жүгіру.
-
9. Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
-
10. Екі қол тізеде, толық отырып жүру.
-
11. Отырып секіре жүру.
-
12. Дем алу және дем шығару жаттығулары.