Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)Мақсаты
Сабақ туралы
Сабақ тақырыбы
«Егінші мен қасқыр» (Литва ертегісі)
Мақсаты
Ертегіні түсініп оқуға үйрету.
Міндеттері
- Ертегіні рөлге бөліп оқу.
- Берілген сурет пен ертегінің байланысын анықтау.
- «Дүниедегі ең дәмді ас» туралы пікірін дәлелдеу.
Көрнекіліктер
- Слайд
- Тірек сызба
- Үлестірме қағаздар
- Бейнеролик
Күтілетін нәтижелер
Оқушы меңгереді
- Жаңа тақырып туралы түсінік қалыптастырады.
- Тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді.
- Өз пікірін жеткізіп, тапсырмаларды орындай алады.
- Ойын еркін әрі сыни тұрғыдан талдап айта алады.
Қамтылатын модульдер
-
1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерТоптық жұмыс, диалогтік оқыту.
-
2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуАссоциация, кубизм.
-
3-модуль: БағалауӨзін-өзі және өзара бағалау.
-
4-модуль: АКТ қолдануИнтерактивті тақтамен жұмыс, бейнематериал.
Сабақтың құрылымы
Сабақ барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
- Үй тапсырмасын сұрайды.
- Оқушыларды топқа бөледі.
- Зейінді сабаққа шоғырландырады.
- Жаңа тақырыпты түсіндіреді.
- Тапсырмалар береді.
Оқушының іс-әрекеті
- Үй тапсырмасын орындайды.
- Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді.
- Зейінін сабаққа аударады.
- Жаңа тақырыпты меңгереді.
- Тапсырмаларды топпен орындайды.
- Кері байланыс береді (алма ағашына алма ілу арқылы).
- Бағалау парақтары және «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі арқылы өзара бағалайды.
I. Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру кезеңі (5–10 минут)
Әр оқушы кішкентай жүрекшеге бір-біріне тілек жазып, «Ғажайып ағашқа» іледі.
Модуль 1 (диалогтік оқыту): «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын 2–3 оқушыға жалғастыра айтқызу.
Оқушылар қаламсаптарын ортаға жинайды. Мұғалім таңдаған қаламсап иесі сұраққа жауап береді.
«Шегіртке мен құмырсқа» мысалы кімнің аудармасы?
Жаз мезгіліндегі және қыс мезгіліндегі шегірткені салыстыр.
Құмырсқа шегірткені неліктен илеуіне кіргізбеді?
Өмірде шегірткеге ұқсап қалмау үшін қандай әрекет етер едің?
Оқушылар геометриялық фигуралар бойынша 3 топқа бөлінеді: үшбұрыш, шаршы, шеңбер.
II. Мағынаны ашу
20–25 минут
— Балалар, араларыңда оқығысы келмейтіндер бар ма?
— Ал оқығысы келетіндер ше?
Мектепке келгендеріңе де үш жыл болды. Жыл өткен сайын білімдерің шыңдалып келеді. Ендеше, «Ойна да, ойла!» ойынын ойнайық: берілген сандарды өсу ретімен орналастырсаңдар, жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.
Егінші мен қасқыр
Бүгінгі сабақ осы ертегіге арналады. Күннің жадын және тақырыпты дәптерге жазу.
Ертегі 4–5 оқушыға тізбектей оқытылады. Сұрақтар арқылы мазмұны тереңдетіледі.
Егінші не істеді? Аздап тыныққан соң, қолына нан алып жей бастады.
Осы кезде қандай жағдай болды? Бір үлкен қасқыр келді.
Қасқыр адамнан не сұрады? «Адам, не жеп отырсың?»
Адам не деп жауап берді? «Нан».
Қасқыр не деді? «Маған да наныңнан берші!»
Қасқыр егіншіге қандай өтініш айтты? «Сен маған оны табудың жолын үйретші».
Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
III. Ой толғаныс және қорытындылау
Ой қозғау тапсырмалары топпен орындалады.
Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Пікіріңді дәлелде.
Нанды құрметтеуге қатысты қандай әдеп ережелерін білесің? Өз бетіңше ереже құрастыр.
Ертегінің негізгі идеясына сай көрініс көрсет.
Үй тапсырмасы, рефлексия және бағалау
Үй тапсырмасы
Ертегіні оқып келу және оны көрініс ретінде сахналап көрсету.
Рефлексия
Оқушылар сабақтан алған әсерін стикерге жазып, кері байланыс парағына іледі.
«Алма ағашына алма ілу».
Бағалау
- Бағалау парақтары арқылы өзара бағалау.
- «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтардың бірін-бірі бағалауы.