Символдық мәліметтермен амалдар орындау

Сабақтың тақырыбы

Символдық мәліметтермен амалдар орындау.

Мақсаты

  • Символдық шамалармен орындалатын амал түрлерін қолдана отырып, есептер шығаруға және бағдарлама құруға дағдыландыру.
  • Жеке жұмыс істеуге, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға және өздігінен ізденуге тәрбиелеу.
  • Есте сақтау мен зейін қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықты арттыру.

Міндеттері

  • Логикалық ойлауды дамыта отырып, білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
  • Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін қолдау және шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу.
  • Ұқыпты әрі ынталы болуға баулу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша білімді тексеру, қателерді талдау және қысқаша қорытынды жасау.

III. Жаңа сабақ

Мәтін әртүрлі символдардан құралған жолдар тізбегінен тұрады. Мәтінмен жұмыс істегенде тек жеке символдарды қолдану әрдайым тиімді емес, себебі көбіне жеке символдарды емес, олардың тізбегін — сөздер мен сөз тіркестерінен тұратын жолдарды өңдеу қажет.

Негізгі ұғым:

Символдар жолы (жолдық тұрақты) — апострофқа алынған және ұзындығы 256 символдан аспайтын символдар тізбегі.

Тіркестік айнымалының типі бағдарламаның типтерді сипаттау бөлімінде де, айнымалыларды сипаттау бөлімінде де беріле алады. Айнымалылар бөлімінде сипатталуы:

Var
  string[жолдың_ұзындығы];

Мысалдар:

Var
  Tex1: string[29];
  Atj:  string[40];
  Atau: string[200];
  A:    string;

Егер жолдың ұзындығы (символ саны) көрсетілмесе (A айнымалысы), онда оның ұзындығы 256 символ деп қабылданады.

Тіркестік өрнектерде негізінен біріктіру және салыстыру амалдары қолданылады.

Біріктіру (конкатенация)

Біріктіру амалы + белгісі арқылы орындалады. Ол бірнеше символдан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін қолданылады.

‘Ауыл’ + ‘шаруашылығы’ = ‘Ауыл шаруашылығы’
S1 := ‘Ас’;
S2 := ‘тана’;
S3 := S1 + S2;

Нәтижесі: S3 = ‘Астана’.

Салыстыру амалдары

Жолдық мәндерді салыстыру үшін келесі операторлар қолданылады:

  • <
  • >
  • =
  • <>
  • <=
  • >=

Бұл амалдар екі жолдың тең, тең емес екенін немесе лексикографиялық тәртіп бойынша салыстырмалы мәнін анықтайды.