Топырақтың құрамын ата

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Оқушылардың өсімдік туралы білімін кеңейту; өсімдік топтарын және мүшелерін танып, ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық

Ойды жүйелі жеткізу, түсініп оқу, ойлау, есте сақтау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Өсімдіктердің пайдасын бағалап, оларды өсіруге, күтіп-баптауға және қорғауға тәрбиелеу.

Нәтиже

Оқушы өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелдей алады және оның тіршілігіне қажет жағдайларды атайды.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Күндей жадырап,
Гүлдей жайнап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастаймыз!

II. Өткенді қайталау

Тірек сызба арқылы өткен тақырыптарды қайталау, жауаптарды дәлелдеу.

Ауа

  • Ауаның қасиеттерін ата және дәлелде.
  • Ауа таза болуы үшін не істеуге болады?

Су

  • Судың қасиеттерін ата және дәлелде.
  • Судың үш күйін ата.

Топырақ

  • Топырақ деген не? Оның маңызы қандай?
  • Топырақтың құрамын ата.
  • Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі?

Сергіту сәті

«Су астындағы жануарлар» биі.

III. Жаңа тақырып

Қызығушылықты ояту

Табиғат туралы бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаян мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.

Жұмбақтар

  1. Тіккен тікен тікте емес. Қысы-жазы бір түсте.

    Жауабы: шырша

  2. Ағайынды бәрі: шықса жасыл, түссе сары.

    Жауабы: жапырақ

  3. Жезге ұқсас сабағы. Дәні — халық тамағы.

    Жауабы: бидай

Қорытынды сұрақ: Бұл жауаптарды қандай топқа біріктіруге болады? Өсімдік.

Өсімдіктерді топтау және өсуі

  • Өсімдік топтары интерактивті тақтада көрсетіледі.
  • Өсімдіктің тұқымнан өніп-өсуі сызба арқылы түсіндіріледі.

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді түсініп оқу.
  • Интерактивті тақтадан өсімдіктің мүшелерін қарап, көз жеткізу.

Өсімдік тіршілігі үшін не қажет?

«Адасқан әріптер» тапсырмасы арқылы сөздерді табу:

уаа

Ауа

ус

Су

коерқ

Қорек

ужлы

Жылу

Қорытынды: Өсімдікке ауа, су, қорек, жылу қажет. Сондықтан өсімдік — тірі ағза.

Дәптермен жұмыс: қорытындыны жазып бекіту.

IV. Қорытынды

1) Білімді бекіту (тест)

  1. 1. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

    A) 2    B) 3    C) 4

  2. 2. Ағаштар тобына жататын өсімдікті белгіле.

    A) Терек    B) Түймедағы    D) Селеу

  3. 3. Бұта тобына жататын өсімдікті белгіле.

    A) Итмұрын    B) Қайың    C) Бақбақ

  4. 4. Бұталардың ағашқа қарағанда қандай мүшесі жоқ?

    A) Гүлі    B) Жапырағы    C) Діңі

  5. 5. Өсімдіктер қандай табиғатқа жатады?

    A) Өлі табиғат    B) Тірі табиғат    C) Табиғатқа жатпайды

2) Шығармашылық тапсырма

Табиғат туралы шағын өлең құрастыру.

3) Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағалау.

4) Үй тапсырмасы

Мәтінді оқып, мазмұндап әңгімелеу.

Ескерту: Сабақ құрылымы оқушылардың жас ерекшелігіне сай қысқа, көрнекі және әрекетке бағытталған тапсырмалармен толықтырылған.