Қазақстандағы тұзды теңіздер мен көлдерді ата

Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолын жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен сапарға жол салынар.

Қадірлі балалар! Бүгін сіздер осы уақытқа дейін алған білімдеріңізді көрсететін «Зерделі болсаң, биік шыңға жетерсің» атты топтық сайысқа қатысасыздар.

Шын жүйріктер сыналады жарыста.
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәреге жақын ба, әлде алыс па?

!

Сайыс құрылымы

Сайыс бірнеше айналымнан тұрады. Әр бөлімде оқушылардың білімі, логикалық ойлауы және жылдамдығы бағаланады.

I бөлім. Дода

Жылдам сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинаймыз.

Сұрақтар (1–5)

  1. Құстың аузын қалай атайды?
  2. Жердің табиғи серігі не?
  3. Ең киелі құс?
  4. Дүние жүзіндегі ең терең көл?
  5. Басты байлық?

Сұрақтар (6–10)

  1. Аққудың баласы қалай аталады?
  2. Адам денесінің тірегі?
  3. Орман дәрігері?
  4. Жерге ең жақын жұлдыз?
  5. Ұя салмайтын құс?

II бөлім. Ұшқыр ой

Бұл бөлім логикалық ойлауды талап етеді. Әр топқа жұмбақтар беріледі, шешуін табамыз.

Жұмбақ 1

Алғашқы орны — заттың түсі,
«Жылпыс» деп ұқ — екіншісі.
Көлдің сәні — сымбатты құс,
Атын тауып айқындай түс.

Жауабы: аққу

Жұмбақ 2

Бірінші буыны — жылға кірмей қалатын,
Екінші буыны — әуелеп ұша алатын.
Таптың ба, кәне, балақай,
Сонда бұл қай құс болады?

Жауабы: түйеқұс

Жұмбақ 3

Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа кенеледі.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды.

Жауабы: жер

Жұмбақ 4

Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң құшағыңа толмайды.

Жауабы: ауа

Жұмбақ 5

Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.

Жауабы: ау (тор)

Жұмбақ 6

Ертеменен ол неме,
Терезеден қарайды.
Сәуле шашып бөлмеге,
Шұғыласы тарайды.

Жауабы: күн

III бөлім. Бәйге

Мәңгі бақи есте қалар — қызықты бір ойын болсын.
Тек білімді шәкірт озар — сұрақтары қиын болсын.

Сұрақтар

  1. 1. Табиғатты игеру үшін кім керек? Жауабы: адам
  2. 2. Табиғатты қандай заттар құрайды? Жауабы: орман, тау, өзен, су, ағаш
  3. 3. Әр адамның шағын Отаны? Жауабы: отбасы
  4. 4. Судың үш күйін ата. Жауабы: қатты, сұйық, газ
  5. 5. Қазақстандағы тұзды теңіздер мен көлдерді ата. Жауабы: Каспий, Арал, Балқаш
  6. 6. Ауа температурасын өлшейтін құрал? Жауабы: термометр
  7. 7. Кеуде қуысының сол жағында орналасқан, өз жұдырығыңдай мүше? Жауабы: жүрек
  8. 8. Өсімдік мүшелерін ата. Жауабы: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым
  9. 9. Табиғат заттары мен құбылыстарын көріп, ұстап, тыңдап, естіп зерделеу жұмыстары қалай аталады? Жауабы: бақылау әдісі
  10. 10. Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал? Жауабы: құбылнама

IV бөлім. Білімпаз

Ұлылардың ұрпағымыз — кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған — еселі.
«Білімпаздар» сайысына қатысып,
Жалғасы мен жауабын кім шешеді?

Мақал-мәтелдердің жалғасын тап

  1. Дана көптен шығады…
  2. Ауырып ем іздегенше, …
  3. Аққу құссыз көл жетім, …
  4. Таулы жер бұлақсыз болмас, …
  5. Су жүрген жер — береке, …
  6. Сулы жер — …

Ескерту: Бұл бөлімде жауаптар оқушылардың нұсқасына қарай тексеріліп, ұпаймен бағаланады.

Қорытынды

Сайыс барысында оқушылардың білім деңгейі мен тапқырлығы, топтық жұмыс дағдысы және жылдам ойлау қабілеті бағаланады. Мақсат — білімді бекіту ғана емес, өзіне сенім мен ізденіске құштарлықты арттыру.